13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бірде-бір көлік тоқтамаған: Қостанай облысында үш күн бойы далада қалған шопан қалай тірі қалғанын айтып берді

17 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Бірде-бір көлік тоқтамаған: Қостанай облысында үш күн бойы далада қалған шопан қалай тірі қалғанын айтып берді
Share on FacebookShare on Twitter

Қостанай облысында боранда жоғалып кетіп, үш күннен соң тірі табылған шопан оқиға туралы айтып берді

Арқалық қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Асылхан Нұрғалиев табылған шопан Талғат Кенжин жатқызылған Арқалық аудандық ауруханасына барды.
«Әңгіме барысында Кенжин үш күн бойы далада адамдарға немесе елдімекендерге апаратын жолды іздеп жүргенін айтты. Ер адам осы күндері ешнәрсе жеп, ішпегенін де атап өтті. Ол 16 қаңтар күні кешке тас жолды тапқан. Кейінірек анықталғандай, бұл республикалық маңызы бар А-16 Жезқазған – Петропавл болып шықты. Ер адам жолда келе жатқан бірнеше көлікті кездестірген, бірақ, ешкім көмектесу үшін тоқтамапты», – делінген хабарламада.
Ер адам тас жолдың бойымен жүруін жалғастырған. Шопанды Восточное ауылының маңында ер адамды іздеп жүрген учаскелік полиция инспекторы Тұрғанов тауып алған.
Ер адам 13 қаңтар күні жылқыларды іздеуге шығып, жоғалып кеткен. Іздестіру жұмыстарына 50 адам қатысты. Іздеу жұмыстарына тікұшақ та пайдаланылды. Табылған ер адам үсік шалып, Арқалық ауруханасына жеткізілген.

Фото: Қостанай облыстық ТЖД

Previous Post

Бәріне әкесі кінәлі: Алматыда 7 жасар өгей қызын ұрып өлтірді деп айыпталған әйел түсініктеме берді

Next Post

Қазақстанда енді малын қараусыз қалдырғандарға айыппұл салынады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі