13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Тина Канделаки қазақтарды «мәңгүрт» деп атап, Қаңтар оқиғасы кезінде Ресейдің көмекке келгенін еске салды

17 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Тина Канделаки қазақтарды «мәңгүрт» деп атап, Қаңтар оқиғасы кезінде Ресейдің көмекке келгенін еске салды
Share on FacebookShare on Twitter

Ресейлік тележүргізуші және журналист Тина Канделаки орыс тілінің ығыстырылуы туралы жазбасына берген Қазақстанның жауабына көңілі толмады. Желідегі кезекті жазбасында ол қаңтар оқиғасы кезінде Ресейдің Қазақстанға көмектескенін еске салды. Бұл туралы 13kz ақпараттвқ аген тігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ол өзіне берілген жауапта жаңа ешнәрсе жоқ екенін айтты. Сол баяғы айқай-шу дейді.
«Құрметті қазақтар, сіздерде қарапайым, бірақ кең мағыналы «мәңгу» деген сөз бар. Сол сөзден белгілі мәңгүрт бейнесі шығады. Ол есте сақтау қабілетінен, болмысынан және санасынан айырылған адам. Өзіңізді және өткенде болған барлық нәрсені ұмыту, тарихты және тарихи атауларды естен шығару жай ғана сауатсыз емес, қауіпті әрекет», — деді ол.
Журналист өткенді еске алмау Борат фильміндегі мінез-құлыққа сәйкес болу дегенді білдіретінін жазды.
Фильмге Қазақстаннан басқа кім тыйым салды? Ресей мен Парсы шығанағы елдері. Ал Батыс елдері ше? Қазақтарға мән бермеді. Олар үшін қазақ ешкім емес. Жауабы фильмнен анық көрінеді. Қазақстан елі екі жыл бұрын жойылып кете жаздады. Сол кезде көмекке келген көрші жақсы ма, әлде жанып жатқан қала ма?» — деп жазды Канделаки.
Айта кетейік, күні кеше ресейлік журналист Тина Канделаки Telegram-арнасына жазба жариялап, “Қазақстан орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстырып жатыр» деп айыптаған еді. Оның жазбасына белгілі журналист Динара Сәтжан жауап беріп, өзге елде өз ережесін жүргізе алмайтынын айтқан еді.

Фото: film.ru

Previous Post

«STOP граффити» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Next Post

Бәріне әкесі кінәлі: Алматыда 7 жасар өгей қызын ұрып өлтірді деп айыпталған әйел түсініктеме берді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі