13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Халықаралық әуежайдың жұмысымен танысты

17 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Халықаралық әуежайдың жұмысымен танысты
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов бастаған бір топ депутаттар Халықаралық әуежайдың жұмысымен танысты.

Түркістан халықаралық әуежайының директоры И.Нұғманов депутаттарға мекеменің тыныс-тіршілігін таныстырды.

Халық қалаулылары әуежайды аралап, халыққа қызмет көрсететін тіркеу орындарын, паспорттық бақылау тіректерін, жолаушылардың күту залдарын, медициналық кабинетті,  ана мен бала  бөлмесін көрді және сондағы қызметкерлермен пікір алмасты.

Сонымен қатар, депутаттар халықтың қауіпсіздігі үшін ұшақтардың ұшу бағытын қаланың үстінен емес, қаладан тысқары жерлерге ауыстыру бойынша «Казаэронавигация» республикалық мемлекеттік мекемесіне тиісті ұсыныс хат жолдайтындықтарын жеткізді.

Айта кетсек, бұл әуежай заманауи технологияларды қолдана отырып, халықаралық стандарттарға сәйкес салынған және құрылысы рекордтық мерзімде аяқталған өңіріміздегі ірі нысандардың бірі болып табылады. Оның жалпы ауданы — 905 га, өткізу қабілеті сағатына        450 жолаушыны, жылына 3 миллион жолаушыны құрайды.

Бүгінгі таңда әуежай ішкі Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтау, Орал, Ақтөбе, Қостанай қалаларына және халықаралық бағыттар бойынша Стамбулға, Кувейтке, Абу-Дабиге тұрақты рейстер орындайды.

Қазіргі таңда Түркістанның әуе айлағы облыстағы туризмнің дамуына үлкен үлес қосуда.

Жалпы, әуежайдың жай-күйімен танысқан депутаттар алдағы уақытта мекеменің дамуына өз қолдарынан келгенше қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысыәуежай
Previous Post

Алматыда курьер тауарларды алушыларға жеткізбей, өзі иемденіп отырған

Next Post

«STOP граффити» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі