13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Депутаттар теледидардағы жарнаманы шектеуге ниетті: Жаңа заң медиа нарыққа қалай әсер етпек?

17 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Депутаттар теледидардағы жарнаманы шектеуге ниетті: Жаңа заң медиа нарыққа қалай әсер етпек?
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Дәрілер мен букмекерлік компаниялардың жарнамасына тыйым салу жобасынан соң қазақстандық медиа нарықтың дамуы тұралап қалуы мүмкін. Қазақстанның жетекші телеарналары кіретін Орталық Азия жарнама қауымдастығының мүшелері президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жазды. Бұл туралы 13.kz ақпарат агенттiгi 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған үндеуге Орталық Азия жарнама қауымдастығының барлық мүшесі қол қойды. Бұл ұйымға еліміздің ірі телеарналары – КТК, Еуразия бірінші арнасы және т.б кіреді. Медиа-индустрия өкілдері букмекерлік компаниялар мен рецептсіз сатылатын дәрі-дәрмектерді жарнамалауға ішінара ғана шектеулер енгізуді ұсынып отыр. Өйткені жарнамаға толық тыйым салу миллиардтаған доллар шығынға әкеледі. Бұқаралық ақпарат құралдары нарығының табысы үштен біріне қысқарады. Қызық, сапалы тележобаларды шығаруға ақша болмайды.
“Олар енгізгісі келетін шектеулер, біздің ойымызша, қоғамға пайдалы жағынан мүлдем дұрыс бағаланбайды. Сондықтан біз сарапшылар мен медиа саласының мамандарын талқылауға шақырғымыз келеді. Шектеулердің пайдасын және олардың келтіретін зиянын таразылау керек”, – деді Орталық Азия жарнама қауымдастығының атқарушы директоры Анна Тюткова.
Сарапшылар жасөспірімдерге әсер етпеу үшін түнде жарнамаға толық тыйым салуды ұсынып отыр. Табысқа бірден кенелу немесе емделіп кету ақпараттарды шығармауды сұрайды.
“Бұл тұтыну көлеміне әсер ете ме? Жоқ, бұл қайта мән беруге әсер етеді. Олар фармацевтердің жарнамасына тыйым салуды айтып отыр. Фармацевтердің теледидарға жұмсаған осыншама ақшасы қайда кетеді? Енді олар интернетке жарнама береді немесе дәріханаға орналастырады. Дәріханадан теледидарда талай рет тексерілген, денсаулық сақтау министрлігі мен тиісті ведомстволар тексерген жарнаманы көрмейсіз. Ал сатушы «мына дәрі жақсы, ал анау жақсы емес» дейді. Дәрігерлердің өзі “жаман ба, жақсы ма, айту қиын” дей салады”, – деді «VI Kazakhstan» ЖШС бас директоры Илмурад Жұмаев.
CARA сараптамалық кеңесінің мәліметі бойынша, букмекерлік компаниялар мен рецептсіз сатылатын дәрі-дәрмектерді жарнамалауға толық тыйым салынған жағдайда нарық жылына 25 миллиард теңгеге дейін шығынға ұшырайды. Бұл сөзсіз бүкіл медиа нарықтың тоқырауына әкеледі.

Previous Post

Қазақ десантшы Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін Ресей батыры атанды

Next Post

"Ол жерде жалғыз жұмыс істемеуі керек еді": Қарағанды облысында пойыз астында қалып мерт болған қызметкердің әйелі мән-жайды айтты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі