17 қаңтарға қараған түні Шымкентте алапат өрт болды — төрт дүкен мен қойма өртенді, деп хабарлайды Otyrar.kz.
ТЖД-ға өрт туралы хабар түнгі 01:15-те түскені хабарланып отыр — «Евролюкс», «Гармония», «Марморит», «Медина» құрылыс дүкендері мен қойма өртенген. Өрт шарпыған аумақ, ТЖД мәліметінше, 1300 шаршы метрге жеткен, ғимараттың жалпы ауданы — 1400 шаршы метр. «ТЖД қызметкерлері оқиға орнында күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр», — деп хабарлады департаменттегілер. Басылым өрттен шыққан түтін Шымкенттегі құрылыс дүкендер көп орналасқан Ескі қала көшесінен бірнеше шақырым жерден көрінетінін атап өтті. Алдын ала мәлімет бойынша, ТЖ-дан зардап шеккендер жоқ




