13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Талдықорғанда анасы 9 жасар баласын тәртіпке салу үшін сарайға қамап тастаған

17 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Талдықорғанда анасы 9 жасар баласын тәртіпке салу үшін сарайға қамап тастаған
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Талдықорғанда анасы баласын тәртіпке салу үшін сарайға қамап тастаған. Бұл туралы 13kz.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Артем Лебедев әлі он жасқа толмаған. Соған қарамастан ол өз анасынан бірнеше рет физикалық зорлық-зомбылық көрген.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жетісу облысы бойынша өкілдігі бастамасымен комиссия құрылып, оның құрамына Талдықорған қаласының білім және денсаулық сақтау басқармасының басшылары, облыстық балалар омбудсмені, әлеуметтік сала өкілдері кірді. 

Комиссия мүшелері Лебедевтер отбасы тұратын үйге барып, тұрмыс жағдайын зерттеген. Анасы мен екі баласы антисанитарлық жағдайда және толық бейберекеттікте өмір сүрген. Ал әйел алкогольдік ішімдікті жиі пайдаланатынын және балаларды қорлағанын жоққа шығармады. Светлана Лебедева тоғыз жасар ұлы Артемді аязды күнде сарайға қамап қойған. 

Қамқоршылық органдары сотқа әйелді ата-ана құқығынан айыру туралы талап арызбен жүгінді. Қазіргі уақытта іс қаралып жатыр. Үлкен баласын өз анасынан қорғау мақсатында қазіргі таңда Талдықорған қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша орналастырылды. 

Previous Post

"Ұлттық қор - балаларға". Алғаш болып төлем алатындардың тізімі жасалды

Next Post

Анасын іздеген Жәнібек - балалар үйінің былығы ашыла ма?

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі