13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Салтанат Нүкенованың өлімі: Бишімбаевқа тағы бір бап бойынша айып тағылды

16 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Салтанат Нүкенованың өлімі: Бишімбаевқа тағы бір бап бойынша айып тағылды
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру екі бап бойынша жүргізілді. Бұл туралы 13.kz ақпарат агенттігі Vlast.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды

Астана қаласының полиция департаменті бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігі (Қинау) мен 99-бабының 2-бөлігі (Аса қатыгездікпен адам өлтіру) бойынша жүргізіп, аяқтады.
Сондай-ақ «Гастро-орталық» директоры болған Бишімбаевтың інісіне қатысты тергеу Қылмыстық кодекстің 432-бабы (Қылмысты жасырып қалу) және 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) бойынша жүргізілді. Бұған дейін інісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 119-бабы (Қауіпті жағдайда қалдыру) бойынша да тергеу жүріп жатқаны хабарланған.
Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, қазір қылмыстық іс процесі қатысушылары материалдармен таныса бастады, содан кейін іс прокуратураға жіберіледі. Басқа ақпаратты жариялауға рұқсат етілмейді.
Бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.
Сондай-ақ өз әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу аяқталғаны және Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылғаны туралы жазған едік.

фото: Vlast.kz

Previous Post

Президент Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековті қабылдады

Next Post

Алматы әуежайында автотұрақ тарифі көтеріледі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі