13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Аэропорт Шымкент» АҚ нысанында өрт — тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді

8 декабря, 2020
in Жаңалықтар
0
«Аэропорт Шымкент» АҚ нысанында өрт — тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді
Share on FacebookShare on Twitter

Әуе кемелерінде пайда болатын төтенше жағдайлар көптеген адам өліміне әкеледі. Осыған байланысты, «Шымкент әуежайы» АҚ әуежайының аумағында әуе кемесінде туындаған шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығуды өткізу мақсаты: әуе кемесінің авариялық қонуы кезінде құтқару қызметтерін даярлау, шартты өртті сөндіру, жолаушыларды қауіпсіз жерге құтқару және эвакуациялау, әуе кемесіндегі өртті сөндіру ерекшелігі мен тактикасын пысықтау, сондай-ақ құтқару қызметтерінің өзара іс-қимылын одан әрі арттыру.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығудың тактикалық ойына сәйкес шартты өрт Алматы-Шымкент бағыты бойынша «SKAT» авиакомпаниясының АН-24 ұшағының «Шымкент әуежайы» АҚ әуежайына авариялық қонуы нәтижесінде орын алды. Бортта 40 жолаушы және 4 экипаж мүшесі бар.  Ұшу басшысы жүйе бойынша «Дабыл» сигналын құлақтандыру және әуежай қызметтерінің авариялық-құтқару командасын әзірлікке келтіру туралы шешім қабылдайды.

Әуежайдың диспетчерлік қызметі болған жағдай туралы әуежай басшыларына және «101» пультіне хабарлайды. №2 шақырудың жоғары дәрежесі бойынша оқу-жаттығу орнына күштер мен құралдар жіберілді. Шақыру орнына келген Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру жасақтары әуе кемесінің өртін жоюға және экипаж бен жолаушыларды құтқаруға кіріседі. Шартты түрде төгілген отынды сөндіру және ұшақтың фюзеляжын салқындату үшін көбік оқпандарын беру жүзеге асырылды.

Бөлімшелер алдына қойылған міндеттерді ойдағыдай орындады, соның нәтижесінде шартты өрт дер кезінде жойылды. Оқу-жаттығу барысында әуежай қызметтері мен өзара іс-қимыл жасайтын қызметтерді хабардар ету, авариялық жағдай орнына келу және ілесіп жүру мәселелері пысықталды.

Оқу-жаттығуға 10 техника, Шымкент қаласы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ-ның, жедел-құтқару жасағының офицерлік және жеке құрамы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері, жедел-жәрдем медициналық көмек бригадасы жұмылдырылды.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкент қаласының әкімі «Жыл волонтері» номинациясын табыстады

Next Post

Шымкентте пәтер ұрлығы 70 пайызға төмендеген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі