13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Семейде мемлекеттік қызметкерлердің көлігі монша, сауна мен дәмхана маңынан байқалған

15 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Семейде мемлекеттік қызметкерлердің көлігі монша, сауна мен дәмхана маңынан байқалған
Share on FacebookShare on Twitter

Куәгерлер көліктердің монша, сауна, дәмхана мен мейрамхана тұрағына қойылғанын видеоға түсіріп алған. Бұл туралы 13.kz ақпарат агенттігі abainewskz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Абай облыстық мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментінің хабарлауынша, кейінгі екі айда жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік орган қызметкерлерінің мемлекетке тиесілі қызметтік көлікті жұмыстан тыс уақытта жеке мақсатта пайдаланғаны туралы 10-нан астам арыз түскен.
«Арыздарда қызметтік көліктер демалыс және мереке күндері Семей қаласы мен облыс аудандарына бару үшін жеке мақсатта пайдаланылды делінген. Куәгерлер бұл жайттарды видеоға түсіріп алып, олардың монша, сауна, дәмхана, мейрамхана және т.б. жерлерде тұраққа қойылғанын көрсеткен», — деп хабарлады ведомство.
Автокөліктерді жұмыстан тыс уақытта қай мемлекеттік органдар пайдаланатынын анықтау үшін ведомство Абай облыстық полиция департаменті мен басқа да құзыретті органдарға сауал жолдады.
«Арыздар қарастырылғаннан кейін департамент заңға сәйкес шешім қабылдайды. Айыпты лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапқа тарту мәселесі қаралады. Мемлекет меншігі тек мақсатты түрде пайдаланылуы керек. Мемлекеттік қызметкерлердің заңғы қайшы әрекеті қоғамның жағымсыз көзқарасын тудырып, билік органдарына деген сенім деңгейін төмендетеді», — деп толықтырды Абай облыстық МҚІАД.
Айта кетсек, мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстан тыс уақытта және мереке күндері қажеттілікке байланысты қызмет бабымен шығуы жұмыс берушінің келісімімен, акт толтыру арқылы ресми тіркеледі.

Previous Post

Әйел 12 жылдан кейін күйеуіне туыс екенін білді

Next Post

Астанада жолаушының багажынан 160 мың доллар ақша табылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі