13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасына байланысты елімізде 1400-ге жуық адам сотталды – Бас прокуратура

13 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Қаңтар оқиғасына байланысты елімізде 1400-ге жуық адам сотталды – Бас прокуратура
Share on FacebookShare on Twitter

Бас прокуратура Қаңтар оқиғасына байланысты елімізде 1 396 адам сотталғанын мәлімдеді.

Ведомство ақпаратына сәйкес 574 адам жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін сотталған.

«Қаңтар оқиғасына қатысты тергеу әлі жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы талаптарына сәйкес мәліметтер жария етуге жатпайды. Дегенмен, аталған оқиғаға қатысқаны туралы жеткілікті дәлелдер алынған тұлғалар қазіргі уақытта қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бүгінде 1 396 тұлға, оның ішінде 574 адам жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны және ұйымдастырғаны үшін сотталды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар 12 азамат жаппай тәртіптсіздікті ұйымдастырғаны үшін бас бостандығынан айырылды.

«Осынау қайғылы оқиға кезінде 2 960 қару ұрланды. Оның 1 мыңнан астам табылды. Қалған қаруды іздеу жалғасып жатыр», – деп нақтылады Бас прокуратура өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласында 5 қаңтарда Қаңтар оқиғасының екі жылдығына байланысты белсенділер мен қайғылы оқиғада құрбан болғандардың туыстары жиналып, құран бағыштағаны туралы жазған едік. Қаза болғандардың кейбір жақындары туыстарының жазықсыз жан тапсырғандарын айтып, биліктен әділдік талап етті. Белсенділер әлі күнге дейін шындықтың ашылмағанын алға тартып, бұған үкіметті кінәлады

Previous Post

Мектепке ашық киіммен келген мұғалім оқушысын зорлаған

Next Post

“Дәстүр” қылмысты ақтау үшін қолданылмаса екен - заңгер пікірі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі