13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттегі оқушының өлімі: Дене шынықтыру мұғалімі оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Шымкентте 8-сынып оқушысы көз жұмды. Оқиғаға қатысты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі айтып берді.

13 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкенттегі оқушының өлімі: Дене шынықтыру мұғалімі оқиғаның қалай болғанын айтып берді
23
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

8-сыныпта оқитын Азамат Тұрдалы дене шынықтыру пәнінде есінен танып құлаған. 14 жастағы жеткіншектің нақты неден өлгені әзірге белгісіз.

Жеткіншек бұрын-соңды денсаулығына шағым айтпаған. Тіпті ешқандай тіркеуде де тұрмаған. Дене шынықтыру пәні басталғаннан кейін бес минут өткенде есінен танып құлап, жедел жәрдем көлігіне саламыз дегенше жан тапсырған. Қайғылы жағдай болған кезде спортзалда 8-сыныптан бөлек, тағы 11-сыныпқа жаттығу болып жатқан. Қазір мектептің спортзалына мұғалімдер ырымдап күріш шашып, шеге қағып қойыпты.

Азаматтың денесі бүгін Шымкентте жерленді. Ал мектептегі өлімге қатысты тексеру басталғанымен, полиция департаменті ешқандай да ақпарат бермеді. Көз алдында болған оқыс жағдайдан ұстаздары да есеңгіреп жүр.

“Менің көз алдымда құлады, құлап бара жатып көзі аларын кетті. Бастаңа ештеңе жоқ. Артында Жанболат деген сыныптасы тұрған. Жүгіріп барып сұрадым, дәрігер шақырыңдар дедім. Келді, олар өз әрекетін жасады. Мен аяғына массаж жасадым. Жүрегі ісіп кеткен дейді. Ағасы бізге сөйтіп айтты, кеше барып хабарын алдық қой, бұрыннан осындай ма еді деп”, – дейді дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрлан Байсейітов.

Осыған дейін 8-сынып оқушысы мектепте көз жұмғаны туралы жазған болатынбыз.

Previous Post

Шымкентте капитан азық-түлікпен пара алған

Next Post

Мектепке ашық киіммен келген мұғалім оқушысын зорлаған

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі