13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент халқы жыл соңына дейін 95,6 % ауыз сумен қамтылады

7 декабря, 2020
in Билік
0
Шымкент халқы жыл соңына дейін 95,6 % ауыз сумен қамтылады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі уақытта Шымкент қаласы тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылуы 94,7 пайызды құрайды. Биыл қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 3 магистралды су аққы мен 17 ішкі орамның құрылысы мен 8 ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновке қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ж.Шайхсламов мәлімдеді.

-Бүгінгі күнге дейін 6 тұрғын алапта құрылыс жұмыстары аяқталып, 6 мыңға жуық тұрғынды сапалы ауыз сумен қамту үшін абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыс ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына дейін аяқталады. Олардың қатарында Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ, Қызылжар, Азат шағын ауданы, Бадам шағын ауданы, 195-орам, Тассай шағын ауданы (1 кезек) бар, — деді сала басшысы.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін Достық ш/а, Игілік, Жаңаталап, Бадам, Бадам-2, Тұран шағын ауданының солтүстік шығыс бөлігі және Достық тұрғын алабына инженерлік жүйелердің құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындар сапалы ауыз жүйесіне қосылады.

Бұдан өзге ұзындығы 28,3 км құрайтын «Ахунбабаев-Көкбұлақ» және 6,88 км құрайтын «Тұран»  магистралды су құбырлары жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.  Жыл қорытындысы бойынша, ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 94,7 %-дан 95,6 %-ға өседі.

11 айда атқарылған есепті тыңдаған Мұрат Әйтенов тиісті салаға жауапты басшыларға жұмыстарды тездетіп, мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Tags: 13kz13kz.kz13кзауыз суШымкент
Previous Post

Шымкентте егістік алқаптарынан 60 мың тоннаға жуық өнім жиналды

Next Post

Әскери сүңгуірлер өз шеберліктерін шыңдауда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі