13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қызылшаның алдын алу

3 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
Қызылшаның алдын алу
Share on FacebookShare on Twitter

Халықты қызылшадан қорғаудың негізгі әдісі вакцинопрофилактика болып табылады-жоспарлы және шұғыл. Вакцинацияланған адамдар іс жүзінде қызылшамен ауырмайды. Вакцина өте тиімді. ДДҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) мәліметтері бойынша 2000-2015 жылдары жаппай вакцинация бүкіл әлем бойынша аурулардың санын 75% — ға төмендете алды.
ҚР ДСМ бұйрығымен бекітілген Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы жоспарлы егулерді қызылшамен ауырмаған балаларға 12 ай және 6 жаста жүргізеді.
Сонымен қатар, қызылшаға қарсы вакцинация жоспарлы түрде жүргізілуі керек:
қызылшамен ауырмаған және қандай да бір себептермен қызылшаға қарсы егілмеген 1 жастан 18 жасқа дейінгі балалар;
35 жасқа дейінгі қоса алғанда, бұрын егілмеген, қызылшаға қарсы екпелер туралы мәліметтері жоқ, бұрын қызылшамен ауырмаған ересектер;
тәуекел тобына жататын 36 жастан 55 жасқа дейінгі және одан жоғары ересектер, оның ішінде білім беру ұйымдарының қызметкерлері.
Қызылшаға қарсы екпелерді эпидемиялық көрсеткіштер бойынша (шұғыл профилактика) жасы шектелмеген, бұрын ауырмаған, егілмеген және қызылшаға қарсы профилактикалық екпелер туралы мәліметтері жоқ немесе бір рет егілген байланысқан адамдарға жүргізеді. Қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда вакцина науқаспен байланыста болғаннан кейін 72 сағаттан кешіктірілмей енгізіледі.

Н.Нышанов

ТО СЭБД басшысы

Previous Post

Шымкенттік кәсіпкерлер мен қытайлық делегация арасында іскерлік кездесу өтті

Next Post

Көкжөтелдің пайда болу себептері

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі