13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТАҒЫ ШАЛҒАЙ АУЫЛДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

4 января, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТАҒЫ ШАЛҒАЙ АУЫЛДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Жаңа жылдың алғашқы жұмыс күні Түлкібас ауданында қуанышты жағдай болды. Көп жылдан бері Жаскешу ауылдық округіне қарасты Тұрар ауылында өзекті мәселенің бірі болып келген медициналық тірек мәселесі шешімін тауып, заманауи жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ел игілігіне пайдалануға берілді.
Нысанның ашылу салтанатына ауданға арнайы іссапармен келген Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев, аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов, аудандық мәслихаттың хатшысы Хамит Байысбаев, аудандық аурухананың бас дәрігері Жанат Тоғайбекова қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысандарымен құттықтады.
Ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелер игі іске мұрындық болған жандарға алғыстарын білдіріп, баталарын берді.
Бұл жерде 1 жалпы дәрежелі дәрігер, 1 фельдшер және 1 медбике қызмет етеді.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ауылдардағы әлеуметтік мәселелерді шешу, әсіресе медициналық нысандар ашу міндетін Үкіметтің алдына қойған еді. Қазақстан бойынша медициналық тірегі жоқ 650 ауылдың мәселесі шешілетіні айтылған. Міне, Түлкібас ауданында Жолдауда айтылған мәселе өз шешімін тауып жатыр.
Елді мекен тұрғындарына қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында өткен жылы аудан аумағындағы медициналық тіректі қажет ететін 15 елді мекеннің 4-еуіне заманауи жаңа нысан соғылып, бүгінгі таңда соның 3-еуі пайдалануға беріліп отыр. Қалған 1 нысан (Ақбиік) алдағы уақытта беріледі деп күтілуде.
Бұл бағыттағы жұмыстар бұнымен тоқтап қалмай, келесі жылы 5 елді мекенге (Тастыбұлақ, Бақыбек, Абайыл, Мақталы, Шақпақ, Азаттық) ал қалған 6 елді мекенге 2025 жылы (Пістелі, Жанұзақ, Иірсу, Қызылбастау, Даубаба) заманауи фельдшерлік-акушерлік пункттер соғу жоспарлануда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістан облысы
Previous Post

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі