13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сыйқырлы мереке – Жаңа жыл!

26 декабря, 2023
in Жаңалықтар
0
Сыйқырлы мереке – Жаңа жыл!
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрында Жаңа жылдық шырша өтті. Мерекелік іс-шараға Түркістан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскери қызметшілерінің балалары мен отбасылары қатысты.

Мерекеге арнап ерекше бағдарлама дайындаған сазды-драма театрының әртістері, әскери қызметшілердің балаларын Жаңа жылдық кейіпкерлер образында қарсы алып, ертегі әлеміне саяхат жасатты.
Мерекені ашқан Түркістан облысының қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев балалар мен ата-аналарын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.
— Қымбатты балаларымыз, біздің елімізде түрлі мерекелер көп, бірақ ең мейірімді, әсем және сыйқырлы оқиғаларға толы мейрам — бұл Жаңа жыл! Бұл керемет, ертегілер мерекесі. Баршаңызға мықты денсаулық және барлық жақсылықты тілеймін. Барлық армандарыңыз орындалсын, — деп атап өтті полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев.
Аяз Ата мен Ақшақардың құттықтау сөзінен кейін ертегі кейіпкерлері сахнада қызықты театрландырылған қойылым көрсетті. Әр түрлі кейіпкерлердің костюмдеріндегі аниматорлар балалармен бірге шыршаны айналып би билеп, жанглерлік негіздерді үйретті және жаңа жылдық әндер айтты.
— Жаңа жыл — бұл балалардың асыға күтетін сиқырлы мерекесі. Біз жыл сайын осындай шараға қатысқанымызға өте қуаныштымыз. Біздің басты міндетіміз әскери қызметшілердің балаларына нағыз мереке жасап, оларға жаңа жыл қарсаңында қолдауымыз бен жылулығымызды сезінуі үшін сиқыр мен ғажайып әлеміне апару болды, — деп атап өтті Түркістан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Жандос Құлдербаев.
Іс-шара соңында әр бала Ақшақар мен Аяз Атаның қолынан жаңа жылдық сыйлықтар алды. Бүлдіршіндер ұзақ уақыт бойы сүйікті кейіпкерлерін жібергісі келмей, өлең айтып, оқудағы жетістіктерімен мақтанды және бос уақыттарын қалай өткізетіндерімен бөлісті.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан : Оқушылар арасында облыстық шығарма байқауы өтті

Next Post

ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі