13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ауыз судың денсаулықа әсері

15 декабря, 2023
in Жаңалықтар
0
Ауыз судың денсаулықа әсері
Share on FacebookShare on Twitter

Су адам үшін ең құнды өнім болып табылады, біздің ағзамыз 60-70% судан тұрады. Күн сайын адам суды ішуге, тамақ дайындауға, денені таза ұстауға және тағыда басқа түрлі қажеттіліктерге пайдаланады. Су ағзадағы барлық физико-химиялық үрдістерге қатысады. Ол көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер болады, сондай-ақ дене қызуын тұрақтандырады, бүйрек және бауырдағы қалдықтарды тазалайды, тері

жасушаларын ылғалдандырады және сауықтырады. Суды қажетті мөлшерде ішпеген жағдайда мидың жұмыс істеуі баяулайды, қан қоюланады. Жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады, бас ауруы, бас айналуы, шаршау және әлсіздік
сияқты белгілер пайда болып, ойдың тынықтығы бұзылады. Сапасыз судың салдарынан адамдар холера, гепатит, дизентерия және т.б. жұқпалы аурулармен

жиі ауырады. Адам ағзасы бір тәулікте шамамен 1,5-2 литр су жоғалтады. Сол себепті адам күніне сонша мөлшерде су ішіп отыруы қажет. Біз күнделікті тұтынатын ауыз су эпидемиологиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз,химиялық құрамы бойынша зиянсыз және жағымды органолептикалық қасиеттерге ие болуы тиіс. Ауыз судың сапасы бірнеше көрсеткіштермен анықталады: түсі, дәмі, иісі, мөлдірлігі, қаттылығы, қоспалар санымен және

т.б., патогенді микроорганизмдер мен гельминттер мүлдем болмауы тиіс. Сапалы ауыз суда магний, калий, натрий, кальций қоспалары болуы шарт. Бұл қоспалардың белгілі бір мөлшері адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет. Зиянды қоспалары бар ауыз суға, құрамында нитраттар, нитриттер, бензол, фенол, пестицид, ауыр металдар сияқты заттардың көп мөлшерде болуы
жатады. Ауыз сумен қамтамасыз етуші мекемелер, су сапасына мән беріп,зертханалық тексерулерді тұрақты жүргізіп отыру қажет. Зертханалармен қамтамасыз етілмеген жағдайда мекемелер аккридиттелген зертханалармен өндірістік бақылауға тұрып, су сапасын тұрақты түрде тексеріп отыру керек. Сіздің және отбасыңыздың денсаулығы өз қолыңызда екенін есте
сақтаңыз.

Н.Нышанов
ТО СЭБД басшысы

Previous Post

ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Next Post

Шымкентте әскери қызметшілер Тәуелсіздік күнін салтанатты шаралармен атап өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі