13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Гепатиттің алдын алу

12 декабря, 2023
in Жаңалықтар
0
Гепатиттің алдын алу
Share on FacebookShare on Twitter

Гепатиттің алдын алу Вирустық гепатит жалпы клиникалық белгілері бойынша жіті және созылмалы болып бөлінеді. Созылмалы вирусты гепатит дегеніміз 6 айдан және одан да көп уақытқа созылатын бауырдың қабынуы. Жіті вирусты гепатитті уақытында емдемесе, созылмалы гепатитке айналады. Жалпы гепатиттің А, В, С, Д, Е деген 5 түрі болады. Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар, белгілері де әртүрлі. А және Е вирусты гепатиті ішек инфекцияларынан Е гепатиті қауіпті саналса, парентеральды В, С, Д гепатиттері ауыр асқынуларға жалғасу қауіптілігімен ерекшеленеді.

Гепатиттің А және E типтері эпидемиялық таралуға, ал В, С, D вирустық гепатит аурудың өршуіне әкелетін әлеуетіне байланысты үлкен проблема болып табылады. А және Е түрлері ластанған суды немесе тағамдарды қолданудан, тұрмыстық жағдай қатынастарында пайда болады. В, С және D гепатиті ағзаны жұқтырғыш сұйықтықтарымен парентеральды байланыс нәтижесінде дамиды. В, С гепатиттік вирустардың кең таралған жұқтыру жолдарына вирусы бар қанды құю, ластанған жабдықты қолданып инвазивті медициналық процедуралар және В гепатитіне қатысты босану кезінде анадан балаға, отбасы мүшесінен балаға, сондай-ақ жыныстық қатынас арқылы жұғулар жатады. Сондай-ақ вирус тасымалдаушымен тығыз байланыста болу негізгі жұқтыру жолдарының бірі болып табылады.

А вирустық гепатитті жұқтырудың жасырын (инкубациялық) кезеңі 7-50 күн, орташа 35 күн болса, парентеральды гепатиттердің инкубациялық кезеңі 6 айға дейін созылады.

Созылмалы вирустық гепатит біраз уақытқа дейін клиникалық түрде адамға білінбеуі мүмкін.

Вирусты гепатиттің белгілері;

бауыр көлемінің ұлғаюы;
іштің ауырлығы немесе жайсыздық (бауыр орналасқан оң жақта);
оң жақ қабырға астының сыздап ауыруы, майлы тағамның жақпауы және т.б.;
әлсіреу, шаршау;
тәбеттің болмауы, жүрек айну;
үлкен дәрет түсінің өзгеруі (ашық бола бастайды);
терінің және көз ағының сарғыштануы (сары ауру).
Аталған белгілер байқалған жағдайда бірден медицина мамандарына қаралу қажет.

Аурудың алдын алу үшін; Гепатитке қарсы вакцина салдыру!

Иммундау шараларының арқасында жыл сайын 2-3 миллион адамды өлімнен арашалауға мүмкіндік бар. Қазіргі таңда A және B гепатитіне қарсы вакциналар бар. В гепатитіне қарсы салынатын вакцина D гепатитінің алдын алуға көмектеседі. Ал, С гепатитіне қарсы тиімді вакцина әзірге шығарылмаған.

Н.Нышанов

Түркістан облысының СЭБД басшысы

Previous Post

Шымкентте 13 мың адам жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыра алмады

Next Post

ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі