Қызылша – бұл өте кең түрде таралған инфекциялық ауру . Көбнесе балаларда кездеседі . Оның белгілері дене қызуының көтерілуі, мұрынның, көздің және тамақтың шырышты қабығы қабынып, теріде бөртпелер пайда болады. Қызылша – қазіргі таңда ең жұқпалы аурудың бірі болып табылады.
Ауру себептері:Инфекция ауа жолы арқылы беріледі. Вирус сыртқы ортаға сөйлеген кезде түкірікпен, жөтелген, түшкірген кезде бөлінеді. Вирустың таралуы сыртқы ортаның тұрақсыздығына қарамастан, ауа толқынымен ғимараттың вентиляциялық жүйесі арқылы таралған жағдайлары белгілі.Инфекция көзі- ол айналадағыларға 2 күн инкубациялық кезеңнен 4-ші күнгі бөртпелер шығып ауырған адам. Ал 5-ші күнгі бөртпелері бар адам жұқтырмайды деп саналады. Бұл аурумен ауырып жазылған адам өмір бойы иммунитетін сақтайды. Қызылшамен ауырған аналардан туылған балалар 3 айға дейін бұл ауруға шалдықпайды, өйткені осы аралықта олардың қанында аналық антиденелер сақталады. Бұл аурумен ауырмаған және егілмеген адамдар қызылшаны жұқтыруға бейім болады және өзінің өмірінде кез-келген жаста ауырып қалуы мүмкін.
Қызылшаның белгілері:
Бұл аурудың инкубациялық кезеңі жұқтырғаннан кейін бірінші белгілері пайда болғанға дейін, яғни 7 күннен 14 күнге дейін созылады.Есте сақтайтын ең маңызды жайт ауру бөртпе шығудан басталмайды,ол суық тию белгілерімен басталады: дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітуі. Кейініректе конъюктивиттің (көздің шырышты қабығының қабынуы) пайда болуы. Шамамен бірінші белгілердің шыққанынан 24 күннен кейін беттің шырышты қабығының (азу тістерінің қарсысында) ұсақ ақ дақтар пайда болады. Аурудың 3-5 күні ашық түсті бір-біріне өзара ұқсап кететін дақтар пайда болады. Ең алдымен олар құлақтың артында және маңдайда, содан кейін тез арада бет, мойын, дене және аяқ-қолға таралады.Ұсақ қызғылт дақтар тез арада үлкейіп, формасын өзгертіп, бір-біріне қосылып кетеді. Бөртпелердің қалың шыққан кезеңінен 2-3 күн өткеннен кейін дене қызуы қайта көтерілуі мүмкін. Бөртпелер 4-7 күн сақталады. Дақтардың орнында қоңыр пигменттер қалады, олар 2 аптадан кейін кетіп, тері қайта таза болады. Қабынулар: Қабыну балаларда 5 жасқа дейін, ал 20 жастан асқандарда жиі дамиды. Ең көп тараған түрі ортаңғы құлақтың қабынуы (отит), соқырлық, бронхтық пневмония, мойын лимфоузолдарының қабынуы, ларингит, энцефалит. Қызылшаның алдын алу: алдын алудың ең тиімді және сенімді әдісі вакцинация болып табылады. Қылылшадан егу вирусты жасанды жолмен тоқтату, нәтижесінде ағза өзін қорғайтын иммунитет жасайды. Кейбір балаларда егуден кейін 6 күннен 20 күнге дейін дене қызуы көтеріліп, кейде конъюктивиттің және бөртпелердің пайда болуы байқалады. Бұл белгілер 2-3 күнге дейін сақталады, содан кейін бәрі жақсы болады. Қорықпаңыздар, бұл жағдайлар болуы мүмкін және олар қауіпті емес. Бірақ сонда да егуден кейін қандай да бір қабыну болса, міндетті түрде дәрігерге көріну керек. Ең алғашқы вакцинацияны балаларға 12 айлығында, екіншісі 6 жаста жасалады.
Тұрғындарға айтарымыз қызылша ауруын желшешек (ветряная оспа) ауруымен жаңылыстыруға болмайтынын ескертеміз.
Б.Елемесов