Қызылша кез- келген жастағы вакцинацияланбаған адам үшін қауіпті инфекция, көбінесе бір жастан бес жасқа дейінгі балалар ауырады.
Егер адамда қызылшаға қарсы иммунитет болмаса, онда қызылшамен ауырған адаммен кездескеннен кейін ауруға шалдығу ықтималдығы шамамен 100% құрайды.
Берілу жолдары:
Қызылша вирусы тек адамнан адамға ауа тамшылары арқылы таралады және жоғарғы тыныс жолдарына әсер етеді. Мұрынның, көздің және тамақтың шырышты қабығына енгеннен кейін инфекция қанға еніп, бүкіл денеге таралады. Жүкті әйел инфекция жұқтырған жағдайда, ананың қанымен бірге ауру ұрыққа да беріледі.
Науқас вирустың алғашқы белгілер пайда болғанға дейін екі күн бұрын қоршаған ортаға шығарады және бөртпелердің бесінші күніне дейін жұқпалы болып қалады.
Екі күннен кейін аурудың келесі кезеңі басталады және балалардағы қызылшаны нақты ажыратуға мүмкіндік беретін белгілерге арнайы бөртпе қосылады. Бөртпелер-ұсақ папулярлы элементтері бар гиперемиялық дақтар. Олар денеге кезең кезеңімен таралады:
* 1 күн-құлақтың артындағы аймақ, бас терісі, бет, мойын;
* 2 күн-кеуде, іш және арқа аймағы, иық;
* 3 күн-қолдар (алақаннан шынтаққа дейін) және аяқтар.
Қызылша вирусы сонымен қатар ми қабығы мен тінінің қабынуын тудыратын — менингит және энцефалит, яғни орталық жүйке жүйесінің ауыр патологияларына акеліп соқтыруы мүмкін
Қызылшаның алдын алу. Инфекцияға қарсы ең қолжетімді және тиімді шара вакцинация болып табылады. Қызылшаға қарсы вакцина 20 жылға дейін сақталатын иммунитет қалыптастырады. Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес екпе жоспарлы түрде 12-15 айда және қайта егу 6 жаста жүргізіледі. Қызылшаның арнайы емі жоқ, бірақ вакцинация арқылы сырқаттан қорғануға болады. Нұрбек Нышанов Түркістан облысының СЭБД басшысы