13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы қаржыландырылған жобалар бойынша көшбасында тұр

5 декабря, 2020
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы қаржыландырылған жобалар бойынша көшбасында тұр
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы қаржыландырылған жобалар саны бойынша көшбасында тұр. Бұл туралы кәсіпкерлік жөніндегі аймақтық жобалық кеңес отырысында мәлімденді. Кеңес отырысы облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің төрағалығымен өтті. Жиын барысында Екінші деңгейлі банктер мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалдарының басшыларымен «қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы 2025» жеңілдетілген несие беру мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Айта кету керек, бүгінде Жобалық кеңсенің үйлесімді жұмысы нәтижесінде 24,4 млрд. теңгеге 264 жоба түрлі қаржы институттары тарапынан несиелендірілген. Жалпы кеңсе тарапынан әзірленген пул құрамында 51,4 млрд. теңгені құрайтын 478 жоба бар.

Облыс әкімінің орынбасары жиын барысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалдары мен екінші деңгейлі банктердің кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық қолдау көрсету аясында белсенділіктері төмен екенін атап өтті. Қаржы институттарының басшыларына кәсіпкерлік субъектілерін уақтылы қаржыландыру бойынша жұмысты күшейту және жандандыру тапсырылды.

Сондай-ақ, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға мемлекеттік бағдарламалардың шарттарына енгізілген өзгерістерді кәсіпкерлік субъектілеріне уақтылы жеткізуде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтілуі жайлы айтылды.

 

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкент әкімі «Қазақ радиосының» тікелей эфирінде сұхбат берді

Next Post

Құны жарты миллион теңгеден асатын автобөлшектерді ұрлаған күдікті ұсталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі