13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ ЕЛІМІЗДІ ЖАҢА ҚАДАМҒА БАСТАДЫ

7 декабря, 2023
in Жаңалықтар
0
ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ ЕЛІМІЗДІ ЖАҢА ҚАДАМҒА БАСТАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Ел тағдырына әрбір азамат жауапты. Шынында да, әрқайсымыздың азаматтық ұстанымымыз елдің бүгіні мен ертеңі үшін маңызды. Осы орайда елімізде кейінгі жылдары болған саяси оқиғаларға көзқарасымды білдіру парызым деп санаймын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын тарихи құжат деп айтуға толық негіз бар. Президент Жолдауында алдымен биліктің бір қолда шоғырлануын шектеу бағытындағы өзгерістерге ерекше мән бергені бұдан кейін іске асатын барлық игі істердің бастауындай көрінгені тағы рас.

Президент мемлекеттік қызмет саласына жаңа буын керек екенін де естен шығарған емес. Бүгінде Үкіметтің үш мүшесі – Президенттік жастар кадрлық резервінің өкілі. Жас мамандарды басшылық қызметке көтеру бойынша жүйелі жұмыс бұдан әрі де жалғаса беретініне сенемін. Қазіргі кезде еліміздің ең маңызды салаларында, атап айтқанда өңдеу, жаңа технология, денсаулық сақтау, биотехнология, энергетика, цифрландыру және білім беру бағытында жұмыс істейтін резервшілердің санын көбейте түскен жөн.

Адал әрі жүйелі қағидаттар қалыптастыруды өмірлік кредосына айналдырған Президент мемлекеттік басқару жүйесіне енгізілуге тиісті әрі тиімді бастамаларды анық белгілеумен бірге саяси трансформацияның нақты жолдарын көрсетіп берді. Еліміз бір жыл ішінде көптеген демократиялық жаңғыруды бастан өткерді. Аз уақытта аса маңызды шаруалар атқарылды. Реформаны жүзеге асыру аясында Ата заңның 33-бабына және 7 конституциялық заң мен 15-тен аса заңға өзгеріс енгізілді. Қазақстан жаңа мемлекеттік модельге, билік пен қоғам-ның өзара іс-қимылының жаңа форматына көшкенін осыдан-ақ аңғаруға болады.

Хуршид Шарапов, Сауран ауданынының мәслихат депутаты

Previous Post

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ – САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ НЕГІЗІ

Next Post

ШЫМКЕНТ: АЛДАҒЫ 5 ЖЫЛДА 6 ТРИЛЛИОН ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі