13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қызылша инфекциясы мидың, құлақтың қабынуына алып келеді

7 декабря, 2023
in Жаңалықтар
0
Қызылша инфекциясы  мидың, құлақтың  қабынуына алып келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Қызылша инфекциясы туралы ақпараттар өте көп, барлық ақпарат көздері арқылы айтылып, түсіндіріліп жатыр. Ауа тамшылары  арқылы жылдам тарағыш  инфекцияның  инкубациялық кезеңі 7 күннен 21 күнге дейін созылады. Суық тию белгілерімен басталып,  дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітуі және ең басты көрінісі-денеде бөртпелердің пайда болуымен сиапатталады.  Қызылша аурының белгілі бір емі жоқ, асқынған жағдайдарда өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан, аурудың алдын алу үшін  қызылшаға қарсы қарсы екпе алу керек. Бөлмені жиі желдету, санитариялық-гигиеналық ережелердің сақталуын қамтамасыз ету,  халық көп шоғырланған орындарға мейлінше бармауды, қоғамдық орындарда бетперде тағуды  ұсынамын.                  Түркістан облысында қызылша аурушаңдығынан эпидемиологиялық жағдай күрделі. Жыл басынан бері 2660 күдікті жағдай  тіркеліп,  845 (31,7 %)  зертханалық дәлелденді. Оның ішінде 14-жасқа дейінгі балалар саны  741-ні (87,7 %)  құрап отыр. Атап айтқанда,  52 мектептен 92 (10,9%)  оқушы,  60 балабақшадан 85 (10,1%) балабақша тәрбиеленушісі инфекция жұқтырған.

Жастар құрамы бойынша дертке 4 жасқа дейінгі балалар  жиі шалдықса, оның едәуір бөлігін  1 жасқа дейінгі, егу жасына жетпегендер құрайды.                                                                          Қазіргі таңда 18849  бала қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау алды. Бұл вакцина алуға тиісті балалардың  10,1% құрайды.

ҚР ДСМ БМСД-нің қолданыстағы қаулысына сәйкес,  6-қарашадан бастап облыста  6 айлық балалардан 10 ай 29 күнге дейінгі, 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балаларға қосымша жаппай иммундау жүргізілуде.

Бұл ретте 6 айлық балаларды қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау  қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін, 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балаларға желтоқсан айынан  бастап 2024 жылғы қаңтар айы  аралығында жүргізіледі. Аурудың алдын алу үшін қызылшаға қарсы қарсы екпе алу өте маңызды.

Желтоқсан айының 15-20 аралығында облысқа тағы да қосымша  174 300 доза ККП вакцинасы келеді деп күтілуде. Бүгінгі таңда барлық емдеу мекемелерінде  вакцина жеткілікті. Қызылшаға қарсы вакцинаны жергілікті емдеу мекемелеріңізден алуға болады.

Енді жекеме келген жиі қойылатын сұрақтардың бірнешеуіне тоқталып өтсем.

Қызылша қандай асқыныуларға алып келуі мүмкін?

Қызылшамен ауырған адамда ларингит (көмейдің қабынуы), құлақтың қабынуы, кереңдік, пневмония, қызылша энцефалиті  мидың қабынуы т.б асқынулырға душар болуы мүмкін.

Қызылшаға қарсы вакцина алған алмағандығы жөнінде құжаттары жоқ болса немесе ұмытқан жағдайда вакцина алу керек пе?

 Мұндай жағдайда қызылшаға қарсы екпе алған дұрыс, себебі оның ешқандай  денсаулыққа зияны жоқ,  қауіпсіз болып табылады.

Қызылшамен бір  рет ауырған адамда өмірлік иммунитет қалыптасады. Яғни екінші рет ауырмайды.

Тағы бір жиі қойылатын сұрақтың бірі жүктілік кезінде қызылшаға қарсы вакцина алуға болады ма?

Жүктілік кезінде вакцина алуға болмайды.

Н.Нышанов

Түркістан облысының СЭБД басшысы

Previous Post

Шымкенттегі ең танымал 10 есім

Next Post

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ – САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ НЕГІЗІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі