13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан жыл соңына дейін 100 % газбен қамтылады

4 декабря, 2020
in Жаңалықтар
0
Түркістан жыл соңына дейін 100 % газбен қамтылады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласын көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында жыл соңына дейін «Ескі Иқан» автоматтандырылған газ тарату стансасы іске қосылғалы отыр. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес шаһар тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша қызу жұмыстар жүргізілуде. Әкімдік пен «ҚазТрансГаз» АҚ ортасында жүргізілген келіссөздер нәтижесінде газ қосу үшін тапсырылатын құжаттар «ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан 2 күннің ішінде қарастырылатын болады.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Меиржан Мырзалиев газға қол жеткізген тұрғындармен кездесті. Бұл күні Алтынбеков көшесінде орналасқан тағы 30 үй газға қосылды.

Қазіргі таңда Түркістан қаласында 52 мың абоненттің 12 мыңнан астамы табиғи газ пайдаланып отыр. Оған қоса 36 мың абонентке газ қосу  қолжетімді болып тұр. Бұл көрсеткіш қала тұрғындарының 68%- ын құрайды. Күні кеше қаладағы Алтынбеков көшесінде тағы 30 отбасының үйіне табиғи газ тартылды.

Айта кетейік, Түркістан қаласын газдандыру 11 кезеңге бөлінген болатын. Бүгінгі таңда 10 кезеңнің құрылысы аяқталған. Қалған 1 кезеңін жүзеге асыру жүктелген мердігерлік ұйым «Отау Строй» ЖШС жыл соңына дейін 2  нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, пайдалануға тапсыруы тиіс.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

«Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» аясында 1700-ден аса іс-шара өтті

Next Post

Дариға президентікке дайындалып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі