Қызылша инфекциясы ауа-тамшы жолдары арқылы тарайтын адамнан адамға жұғуы өте жоғары жұқпалы ауру. Көбіне балалар арасында жиі кездеседі. Түркістан облысында қызылша ауруынан эпидемиологиялық жағдайдың асқынуы байқалады. Аурудың алдын алу үшін қызылшаға қарсы қарсы екпе алу өте маңызды. Вакцина оның жеңіл өтуіне септігін тигізеді. 1 және 6 жаста қызылшаға қарсы жоспарлы вакцина салынады. Республика көлемінде ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің, және облыс аумағында санитариялық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық қызылшаға қарсы іс-шаралар туралы Қаулы шықты. Қаулы бойынша қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан, 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі, 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балаларға қосымша жаппай иммундау жүргізіледі. 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балалар қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан, жоспарлы тәртіппен – осы санаттағы балаларды қосымша иммундау ҚҚП-ға қарсы вакцина партиясы түскеннен кейін – ҚҚП-ға қарсы вакцина қолданыла отырып 2023 жылғы 5 желтоқсаннан басталады. Бұл ретте 6 айлық балаларды қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін, 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балаларға 2023 жылғы желтоқсаннан бастап 2024 жылғы қаңтар аралығында жүргізіледі. Қаулы қарашаның 6-нан бастап күшіне енді. Жастар құрамы бойынша дертке 4 жасқа дейінгі балалар жиі шалдықса, оның едәуір бөлігін 1 жасқа дейінгі, егу жасына жетпегендер құрайды. Жастарына сәйкес инфекцияның тіркелуі бала-бақшалар мен мектептерде де орын алуда. Бұл аурудың инкубациялық кезеңі 7 күннен 14 күнге дейін созылады.Есте сақтайтын ең маңызды жайт ауру бөртпе шығудан басталмайды, ол суық тию белгілерімен басталады: дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітуі т.б.
Аурудың алдын алу үшін:
-қызылшаға қарсы қарсы екпе алу;
-бөлмені жиі желдетіп, ылғалды тазалау жұмыстарын жасау;
-халық көп шоғырланған орындарға мейлінше бармау;
— бетперде тағу ұсынылады..
Тұрғындарға айтарымыз қызылша ауруын желшешек (ветряная оспа) ауруымен жаңылыстыруға болмайтынын ескертеміз.
Н.Нышанов Түркістан облысының СЭБД басшысы