13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мемлекеттік бағдарламалардың насихаты күшейеді

4 декабря, 2020
in Жаңалықтар
0
Мемлекеттік бағдарламалардың насихаты күшейеді
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы мәслихатындағы депутаттық фракциясы мүшелері кәсіподақ активімен кездесті. Жиынға облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстық мәслихат депутаттары мен тиісті басқарма басшылары қатысты. Басқосуда өңірдегі еңбек құқықтары мен азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелері жан-жақты талқыланды.

Жиын барсында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашов көтерілген мәселеге қатысты мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын баяндады.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2020 жылдың 1 қарашасына 67 мың адам жұмыспен қамту шараларына қатысты. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайыз, жастар жұмыссыздығы 3,8 пайыз, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 6,6 пайызды құрады. Сондай-ақ «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде 475 жобаны іске асыруға 105,3 млрд. теңге қаралған.   Бүгінге дейін жоспардағы барлық жоба бойынша жұмыстар басталып, 346 жобаның құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталған. Жобаларды іске асыру барысында 12 579 жаңа жұмыс орындары ашылып, 10 926 адам халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы құрылған уақытша жұмыс орындарына орналасты», – деді Н.Нұрашов.

Сондай-ақ өңірде аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 198 мың адамды немесе облыс халқының 9,7 пайызын құрайды. Оның 168,9 мыңына төтенше жағдай кезінде 3,8 млрд. теңгегенің азық-түлік-тұрмыстық жиынтығы берілген. «Nur Otan» партиясымен бірге «Қамқорлық» бағдарламасы аясында 1 643 өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға 421,4 млн. теңгеге демеушілік көмек көрсетіліп, 43 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Жиынға қатысушылар мемлекеттік бірқатар мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалардың халық арасында насихатталу барысына да сыни пікірлер айтылды. Тұрғындарды солтүстік өңірлерге көшіру бойынша да ақпарат пен насихат төмен.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев аталған саладағы осындай проблемаларды болдырмау мақсатында тиісті басқарма мамандары мен партия мүшелерінен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына мониторинг жүргізетін арнайы жұмысшы топ құрып, жұмысты ширата түсуге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкентте қоғамдық көліктің 80 пайызы жаңарды

Next Post

«Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» аясында 1700-ден аса іс-шара өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі