13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жетісай: «KitapХАН@» кітап оқу жоба сайысы өтті

24 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Жетісай: «KitapХАН@» кітап оқу жоба сайысы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен және Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының қолдауымен Республикалық «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында Түркістан облысы білім беру мекемелерінің кітапханашылары мен педагогтеріне және білім беру мекемелерінің педагогтеріне арналған «KitapХАН@» кітап оқу жоба сайысы 2023 жылы 24 қараша күні өткізілді.
«KitapХАН@» кітап оқу жоба сайысына Түркістан облысы Жетісай ауданы білім бөлімінің «М. Мәметова атындағы №33 ЖББМ» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бейсебаева Жанара Нұрланқызы қатысты. Ол сайыста Т. Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы» кітабын дәріптеп, «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында ұстаздар арасында өткен «KitapХАН@» кітап оқу сайысының апталық кезеңіна белсенді қатысып, жеңімпаз атанғаны үшін І 🥇орынды иеленді.
Ал Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты О.Жандосов атындағы жббм базасында «Мектепке дейінгі және мектептегі білім берудің сабақтастығы: ізденіс, тәжірибе шеберханасы» тақырыбында аудандық форум өткізілді. Форумға бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды дайындық сынып тәрбиешілері қатысты.
Аталған іс-шара барысында «Болашаққа қосар үлесіңді өлше» атты көрме көрсетіліп, «Бастауыш сыныпта жеке тұлғаның функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында баяндама оқылды.
Форумды аудандық білім бөлімінің бас маманы Е.Есиркепов, ӘК меңгерушісі А.Шерова және әдіскер М.Амирова сөз сөйлеп, ашып берді.
Мақсат — бастауыш сынып мұғалімдерінің жаңалықтарымен бөлісу, кәсіби біліктілігі жоғары мұғалімдердің іс-тәжірибесін тарату және педагог әлеуетін дамыту.
Форум соңында облыс, республика көлемінде жетістікке жеткен мұғалімдерді арнайы алғыс хаттармен марапаттады. Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты О.Жандосов атындағы жббм базасында «Мектепке дейінгі және мектептегі білім берудің сабақтастығы: ізденіс, тәжірибе шеберханасы» тақырыбында аудандық форум өткізілді. Форумға бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды дайындық сынып тәрбиешілері қатысты.
Аталған іс-шара барысында «Болашаққа қосар үлесіңді өлше» атты көрме көрсетіліп, «Бастауыш сыныпта жеке тұлғаның функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында баяндама оқылды.
Форумды аудандық білім бөлімінің бас маманы Е.Есиркепов, ӘК меңгерушісі А.Шерова және әдіскер М.Амирова сөз сөйлеп, ашып берді.
Мақсат — бастауыш сынып мұғалімдерінің жаңалықтарымен бөлісу, кәсіби біліктілігі жоғары мұғалімдердің іс-тәжірибесін тарату және педагог әлеуетін дамыту.
Форум соңында облыс, республика көлемінде жетістікке жеткен мұғалімдерді арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
Сонымен қатар, Отырар аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес Ө.Жәнібеков атындағы лицей интернатында «Заманауи кітапхана: мазмұн мен форматқа жаңаша көзқарас» атты аудандық мектеп кітапханашылары арасында семинар өткізілді. Кітапханашыларға арналған семинар кітапханашылардың жұмысын одан әрі жақсартып, дамытып, ақпараттық-байланыс технологияларды жетілдіру үшін арнайы ұйымдастырылды.
Семинарды білім бөлімінің әдіскері Манат Жақсыбаева жүргізді.
Семинарға қатысқан 30 кітапханашыны кәсіби, төл мерекелерімен құттықтап, білім бөлімі басшысының мадақтау қағаздарымен марапаттады. Әр мектептен жиналған кітапханашылар сандық технология дамыған уақытта кітапхана жұмысын қалай ұйымдастыру керек, интернетті — балаға кітап оқыту мақсатында қалай тиімді пайдалануға болады,- деген сауалдар мен баланы кітап оқуға қызықтырып, үгіттейтін жобалар туралы сабақтар өтті.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕКТЕП ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮҒА КӘСІПКЕРЛЕР ДЕ АТСАЛЫСАДЫ

Next Post

Бәйдібек ауданы: «Отбасы - бақыт бесігі» атты пта -аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы әске асуда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі