13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

МЕКТЕП САЛАМЫН ДЕГЕН КӘСІПКЕРЛЕРМЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ

24 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
МЕКТЕП САЛАМЫН ДЕГЕН КӘСІПКЕРЛЕРМЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысына 2024-2026 жылдар аралығында 6512 оқушы орнының тапшылығын, апат алдындағы, үш ауысымды мектептердің және ғимараты ыңғайластырылған мектептердің мәселесін шешу үшін 23 мектеп салу керек. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев арнайы мәжілісте мәлімдеді. Жиында жекеменшік мектептер салуға кәсіпкерлерді тарту мәселесі талқыланды. Бас қосуға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен мектеп саламын деген кәсіпкерлер қатысты. Олар білім ордасы қажет деген аудан/қалалардағы жағдаймен танысты. Кәсіпкерлер де өз ұсыныстары мен пікірлерін айтты. Жан-жақты саралап, әріптестік орнататындарын жеткізді.
Жиында төрағалық еткен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Дәулетұлы өңірдегі мектеп тапшылығы бар аумақтартың зерделеніп жатқанын жеткізді. Бұл дерек білім ордаларын салуға ниетті кәсіпкерлерге ұсынылады. Олармен бірлесе жұмыс істеуге дайын екенімізді алға тартты.
Бастысы кәсіпкер мектеп салып, онда білім алатын әрбір оқушы үшін мемлекеттік бағдарлама аясында қайтарымсыз қаржыға ие бола алады. Яғни, білім беру мекемелерінің жетіспеушілігін жою мақсатында жекеменшік мектептерге жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі де қолға алынған.
Ал, Түркістан облысы білім басқармасының бөлім басшысы Азамат Таңгатаров мектеп санына қатысты сандарды сөйлетті. Өңірдегі мемлекеттік 728 мектептің ғимараты типтік болса, 180 мектептің ғимараты ыңғайластырылған. 2023 жылдың өзінде өңірімізде 28 жекеменшік мектеп ашылып, пайдалауға берілді. 2023-2025 жылдар аралығында облыста 96 мемлекеттік мектептің құрылысы жүргізіледі.
Сондай-ақ, жиында 100 — 300 орындық мектептер салу мәселесін жекеменшік инвесторлар есебінен және мемлекеттік-жекешілік әріптестік механизмі арқылы іске асыру ұсынылды.

Previous Post

Бизнес пен биліктің әріптестігінен мемлекет ұтады

Next Post

ҮСТЕЛ ТЕННИСІ «ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ» ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі