13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте жыл соңына дейін 280 арендалық, 4 461 кредиттік пәтер үлестіріледі

4 декабря, 2020
in Қоғам
0
Шымкентте жыл соңына дейін 280 арендалық, 4 461 кредиттік пәтер үлестіріледі
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр.  Бүгінде шаһарда алаңы 1 млн шаршы метрден астам 14 224 пәтерлі 262 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы салынуда. Оның ішінде,  жеке кәсіпкерлер есебінен 6 147 пәтерлі 126 көпқабатты тұрғын үй де бар.

Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Мемлекет басшысы Жолдауының орындалуы жөнінде өткізген баспасөз брифингте баяндады.

–Президент Жолдауында азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, ең алдымен баспана мәселесіне тікелей байланысты екенін айтқан болатын.  Осы орайда Шымкент қаласында баспанамен қамту үшін тұрғын үй құрылысына назар аударып отырмыз. Бюджет есебінен 8077 пәтерлі 136 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 280 пәтерлі 5 арендалық, 4 461 пәтерлі 77 кредиттік тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған,-деді М.Әйтенов.

Мұрат Дүйсенбекұлының сөзінше биыл қалада құрылыс жұмысы бойынша жақсы көрсеткішке қол жеткізген. 10 айда 90,6 млрд теңгеге құрылыс жұмысы жүргізіліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 164,2 пайызға жеткен.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзМұрат Әйтеновпәтер
Previous Post

Шымкент инвестициялық өсім бойынша республикада 2-ші орында

Next Post

Шымкентте қоғамдық көліктің 80 пайызы жаңарды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі