13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Шымкентте эпидемиологиялық ахуал тұрақты

3 декабря, 2020
in Денсаулық
0
Шымкентте эпидемиологиялық ахуал тұрақты
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Бақытжан Позилов қаладағы эпидемиологиялық ахуал бойынша баспасөз брифингін өткізді.

Бақытжан Жолдасбекұлының айтуынша, өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 5 жағдай тіркелді. Бүгінде қалада 1 060 төсек-орын бар (жұқпалы – 560, карантиндік – 500), оның ішінде 838 төсек-орны бос. Жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 222 науқас ем қабылдауда.

– Бүгінде Шымкент қаласында ағымдағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Ковидтің ықтимал толқынына үш сценарий бойынша дайындық жүргізілді. Қазіргі таңда қала тұрғындарына қызмет көрсететін 9 ПТР зертханасы жұмыс жасауда. Зертханаларда күніне 3550 тест жасау қуаттылығы бар. Барлығы 162 272 ПТР тест өткізілді. Өткен тәуілікте 1218 ПТР тест жасалған. Шаһарда эпидемияның екінші толқынына дайындық кезінде реанимациялық төсектерді жабдықтау мақсатында 314 функционалды кереует, 381 дозатор, 266 реанимациялық монитор және 381 медициналық сорғыш қондырғылар сатып алынды, – деді Б. Позилов.

Бүгінгі таңда бірыңғай дистрибьютормен жалпы сомасы 7,21 млрд. теңгені құрайтын дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жеткізуге келісім-шарттар жасалған. Медициналық ұйымдарда COVID-19 індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры қалыптастырылды.

Қалалық әкімдік резервінен дәрі-дәрмектің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында дәрі-дәрмек сатып алуға 180 млн.теңге бюджет қаражаты бөлінді.

Tags: 13kz13kz.kz13кзCOVID-19Позилов.
Previous Post

Шардарада "Тұңғыш Президент саябағы" ел игілігіне берілді

Next Post

Төлеби ауданы 100 пайыз газбен қамтылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі