Сарыағаш ауданы, №4 мамандандырылған мектеп-интернатының өзін-өзі басқару ұйымының президенті, 10 сынып оқушысы Мұхит Жасұлан Астана қаласында өткен «Жас көшбасшылар — 2023» құрылтайына қатысты. Құрылтай барысында өзіндік идеяларын ортаға салды, әр саланың көшбасшыларымен кездесулерге қатысты.
Кездесу барысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев көшбасшыларымен бейресми кездесу өткізді. Еркін форматта өткен жиында оқушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, мектеп қабырғасындағы мәселелерге қатысты ойларымен бөлісті. Ал Ғани Бектайұлы, өз кезегінде білім саласында жасалып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталып, жас өрендердің сұрақтарына жауап берді.
Өзін – өзі» басқару ұйымы жастарға өзін-өзі және ұжымды басқаруды үйрететін, азаматтық-құқықтық мінез-құлықтың әлеуметтік тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік беретін мектеп. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары өмірдің маңызды сұрақтарына жауап іздейтін, ой өрісі кең, тұлғалық қалыптасуға мүмкіндік туғызатын орта. Басты мақсат – жастарды үздіксіз дамуға, қоғамдық өмірге бейімдеу және жүйелі шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы ой жиегін кеңейтіп, жауапкершілікке дағдыландыру.
Кездесу соңында министр жас көшбасшыларға Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» атты кітабы мен сыйлықтар табыстады. Естелік суретке түсті.
27-28 қазан күндері елорда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Білім және министрі Ғани Бейсембаевтың қатысуымен, «Білім-Инновация» лицейлеріндегі «Өзін-өзі басқару» ұйымының президенттерімен «Жас Көшбасшы Құрылтайы — 2023» өтті.
Кездесуге лицейімізден «Өзін-өзі басқару» ұйымының президенті Галимжанова Сабрина қатысты. Кездесу барысында оқушылар министрмен еркін сұхбаттасып, ой-пікірлерін ортаға салды. Ғани Бейсембаева көшбасшыларға оқуда сәттілік тілеп, айбынды жастарға зор үміт артатынын айтты.
Екі күндік құрылтайға қатысқан әр оқушы жігерленіп, ерекше әсерленді. Осындай жүздесулер оқушыларымыздың отансүйгіштік сезімдерін арттырып, жастардың бойындағы көшбасшылық қабілеттерін дамытады деген сенімдеміз.