13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Нұржан Әлтаев Nur Otan партиясынан неге шығарылғанын айтты

2 декабря, 2020
in Жаңалықтар
0
Нұржан Әлтаев Nur Otan партиясынан неге шығарылғанын айтты
Share on FacebookShare on Twitter

Nur Otan партиясының экс-депутаты Нұржан Әлтаев партиядан неге шығарылғанын түсіндіру үшін баспасөз мәслихатын өткізді, — деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Депутаттың айтуынша, ол Nur Otan-дағы әріптестері айтқандай партия тәртібін бұзған жоқ. — (…) Мен партиялық тәртіпке, партия бағдарламасына құрметпен қараймын, бірақ Қазақстан халқына да үлкен құрметпен қараймын. Мен Nur Otan депутатының жылы креслосында қалу үшін халықтың проблемалары қарап, үндемей отыра алмаймын. Маған көмекке жүгінген адамдардың пікірлерін жеткізу үшін партия тәртібін бұзуға тура келді, — деді Әлтаев өзінің баспасөз мәслихатында. Сондай-ақ, экс-депутат оның «тәртіпті» бұзуына пандемия әсер еткенін айтады. — Пандемияда көптеген адам қайтыс болғанда, халық көмексіз қалғанда (…) және сол кезде қомақты қаражат бөлініп жатқанда. Бірде-бір ел Қазақстан сияқты ақша бөлмеген шығар. Мен үндемей қоя алмадым, депутаттық сауалым сіздердің естеріңізде болар — премьер-министрді Парламентке шақырып, одан есеп беруін сұраған кезде. Бірақ, өкінішке қарай, ол депутат алдында есеп беруді жөн санамады. Оның жазбаша жауабында ештеңе де айтылмады, жалтарма жауап, — деді Әлтаев. Оның айтуынша, Қазақстанға саяси реформалар қажет. — Тәртіпті бұзуға қатысты айтылған осы мәселелерден соң партияда көп сауал туындады. Менің ішкі сенімім — бұл елге үлкен саяси реформалар қажет. (…) Бізде жемқорлық жыл сайын өршіп жатыр. Шенеуніктер халық алдындағы жауапкершілікті түсінбейді, . Нұржан Әлтаев Nur Otan партиясынан неге шығарылғанын айттыолар оны тағайындайтын адамның алдында ғана жауапты, депутаттар да, облыс әкімдері де сондай (…). Сондықтан, Президент өңірлерге келгенде олар жиектастарды бояп, Президент өтетін жерге асфальт төсейді, ал халықтың қалай өмір сүріп жатқанына ол шенеуніктер мән бермейді, оларды алаңдатпайды. (…), — деді Әлтаев. Осылайша, экс-депутат биліктегілерге сын қажет екенін және оларға проблемалар туралы айту керегін айтады. Сондай-ақ, ол өзін мемлекетке қарсы шыққан адам ретінде санамайтынын жеткізді.

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Ордабасы ауданында биіктігі 30 метр тұғырға мемлекетік ту тігілді

Next Post

«Тегін дәріні 140 мыңға сатып жатыр» Қатерлі ісікке шалдыққан әйел көмек сұрауда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі