13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мониторинг өз жемісін беруде

16 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Мониторинг өз жемісін беруде
Share on FacebookShare on Twitter

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы өткізген өңірдегі білім саласындағы өзекті мәселелері бойынша партиялық тыңдау өтті.

Жалпы жиынға облыстық партия филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев, «AMANAT» партиясы Орталық аппараты Партиялық бақылау департаментінің инспекторы В.Есілбаева арнайы келіп қатысты. Сонымен қатар, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары А.Садықова, облыстық партия филиалының партиялық бақылау инспекторы А.Еркінбеков пен облыстық құрылыс басқармасының басшысы Т.Үсіпәлиевтер қатысты.

Аталған жиында Түркістан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департамент басшысы Алматов Ғалымжан Бауыржанұлы 10-24 шілде аралығындағы қамтылған 2023-2024 оқу жылына дайындық деңгейіне жүргізілген мониторингтің қорытындысы туралы баяндама жасады.

Департамент тарапынан жүргізілген мониторинг бойынша біршама ұсыныстар жасалды.

Атап айтқанда: Білім беру ұйымдарындағы интернетті, күрделі жөндеу жұмыстарын, қауіпсіздік яғни бейнебақылау, лицензияланған күзет, турникет, дабыл түймесі, жылы санитарлық тораптар (әжетханалар) мен спорт залдары, асханалар, пәндік кабинеттер (химия, биология, физика), робототехника кабинеттерімен қамтамасыз ету. Бүгінде жөндеуден өтіп жатқан мектептердің 35%-ы 1970 жылдары салынса, 35%-ы 1980-1989 жылдары салынған, ал 30%-ы тіпті 2005 жылдан кейін пайдалануға берілген. Қазіргі таңда облыста мектеп ғимараты толық жөндеуден өтіп жатқан бес мектеп, ал шатыры, ішкі мен сыртқы қабырғалары, терезе, есік, едендері жөнделіп жатқан жеті мектеп, электр жүйесі, демонтаж, ішкі су, кәріз жүйесі, терезе, шатыры жөндеуден өтіп жатқан бір мектеп, күрделі жөндеуге конкурс жарияланып, жөндеу жұмыстары басталмаған бір мектеп бар. Жоспар бойынша 2023-2024 оқу жылына 14 мектептің 9-ы тамыз айының соңына дейін тапсырылса, бес мектептің күрделі жөндеу жұмыстары кешіктіріледі деп күтілуде, демек бес мектеп оқушыларды қабылдауға дайын емес. Атап айтқанда Төлеби ауданындағы «Қаратөбе» жалпы орта мектебі мен «Қостөбе» ШЖЖОМ. Одан бөлек, Түлкібас ауданындағы А.Оразбаева, Ордабасы ауданындағы Е.Ерназаров, Кентау қаласындағы №24 Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектептері. Осы ретте жөндеу жұмыстары кешіктірілген мектептердің оқушылары көрші мектептерге тасымалданады деп жоспарлануда», — дейді Жанар Сатыбалдықызы. Сонымен қатар, күрделі жөндеу жұмыстарынан бөлек, жаңа 2023-2024 оқу жылына тағы мемлекеттік лицензиясыз білім беру қызметін жүргізіп жатқан үш мектеп оқушыларды қабылдауға дайын емес. Атап айтқанда, Сарыағаш ауданындағы №78 жалпы орта мектебі, Қазығұрт ауданындағы №1 жалпы орта мектебі, Төлеби ауданындағы Лашкар Тәжібаев атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебі 5-9 сынып оқушыларын қабылдай алмайды. Бұл мектептердің білім беру қызметімен айналысуға лицензиялары мен лицензияға қосымшалары берілмеген.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «АҚЫЛДЫ» ФЕРМА ЖОБАСЫ КӨПТІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ

Next Post

Түркістан облысы: Оқушылар сөз жарыстырды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі