13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ: АСЫҚ ОЙЫНДАРЫНАН САЙЫС ӨТТІ

17 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ: АСЫҚ ОЙЫНДАРЫНАН САЙЫС ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Қазығұрт ауданының білім бөлімінің «Балдәурен» және «Зат» бөбекжай балабақшасында тәрбиешілер: Алия Мырзаева және Роза Нурмуратованың ұйымдастыруымен асық ойындарынан сайыс өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты: ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын қайта жаңғырту, ойын тарихы туралы түсінік беріп, балалардың қызығушылығын ояту. Асық ойнату арқылы балалардың мергендікке, ептілікке, дәлдікке және әділдікке баулу. Балаларды өзіміздің ұлттық құндылықтарды қадірлеуге баулу. Асық ойыны баланы жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап оларды ұстамдылыққа байсалдылыққа тәрбиелейді.
Аталған сайыс балаларға қатты ұнады және олар ерекше ықыласта асық ойнады.
Ұлттық ойындар – саламатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл, елі мен жерінің қамын ойлайтын, ұлтқа тән барлық қасиетті қадір тұтатын, дара тұлға – жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың маңызды құралы. Сабақ барысында немесе сабақтан тыс кезде баланы ұлттық ойын арқылы өмірге тәрбиелеу үздіксіз үдерістің жалғасы болуы тиіс. Мектеп оқушыларына дене күшін, қозғалыс дағдыларын дамытуға байланысты ұлттық ойын түрлері физиологиялық, психологиялық тұрғыдан қазіргі заман талабына сай ары қарай дамытуды қажет етеді. Мек­тепте оқушыларға ұлттық ойындардың құндылығын наси­ха­ттаумен қатар, оларды қол­данудың озық тәжірибелерін жи­нақтау және дамыту керек.

Жалпы, ұлттық ойындар – ата-бабамыздан бізге жеткен мұра сияқты өткен күн мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, өнеріміз. Сондықтан оны үй­ре­нудің, күнделікті өмірде пай­даланудың пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығар­ма­шылық қабілетін оятып, бүкіл өмірімен жалғаса береді. Ойын сан ғасырлар өтсе де адамзат баласына ақыл-ой жетекшісі, ден­саулық кепілі, өмір тынысы болып қала береді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «ТҰРАН СКАУТТАРЫ ӘСКЕРИ ПАТРИОТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ» ЖИЫНЫ ӨТТІ

Next Post

Агенттік Төрағасы М.Ахметжанов Түркістан облысының активімен кездесті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі