13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

17 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Өмірдің қиын жағдайына тап болған ерекше жандардың басын қосатын, оларды жаңа өмірге бейімдейтін, қалыпты өмір дағдыларына оралуына ықпал ететін бірден –бір мекеме Дауан елді мекенінде орналасқан «Ақ-бұлақ» облыстық балаларды оңалту орталығын атасақ артық айтпағанымыз. Өткен аптада Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ақ-бұлақ» облыстық балалар оңалту орталығының акт залында семинар өтті. Жиынға Арыс, Бәйдібек, Қазығұрт, Жетісай, Асықата, Мырзакент, Отырар, Сайрам, Қарабұлақ, Сарыағаш, Ленгір, Шардара, Кентау, Түркістан сынды әр ауданнан келген бас мамандармен басқосу жоғары деңгейде болды. Түркістан облыстық денсаулық сақтау бойынша басшысынан ана мен бала қорғау жөніндегі орынбасары С.У Джабаегиева және аудандық педиатрлар, неврологтар және оңалтуға жауапты мамандар қатысты. Сондай-ақ Түркістан облысының штаттан тыс бас реабилитологы Мариям Парманқызы, неврология бөлімінің меңгерушісі А.Асанова, ортопедия бөлімінің меңгерушісі Н.Маханова, дәрігер педиатр Б.Әлішева балалардағы аутизм және ерте диогностикалау аспектілері жөнінде баяндама оқыды.
Үстіміздегі жылдың реабилитация саласындағы 10 айдың нәтижесі көрсетіліп, мамандармен пікір алмасу болды. Кезекке тұрғандар саны – 534 бала, оңалтуға жіберілгендер -351 бала. Кезек бойынша 7400 келді, кезек алған 766 бала болып тұр. Орталық ем қабылдайтын балаларға үйдегідей қолайлы жағдай жасаған. Ғимарат іші қол еңбекке толы. Қабырғаларда ілулі тұрған түрлі картиналар, ою-өрнектер, сан алуан мүсіндер адамды еріксіз қаратады. Бәрі сондай шынайы, әдемі. Мұнда ем шараларынан бөлек өмір сүруге деген қабілетін арттыруда әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар яғни 193 қызметкер еңбек етеді. Емделу уақыты 18 күн. Ауласынан бастап ғимарат ішіне енгенде жанға жайлы жылылықты сезінесің. Тап-таза, неше түрлі гүлдермен көмкерілген, арнайы қазақы бөлмесі, саф ауасы неткен тамаша!
Орталық директоры Нұрхат Мадалиеваның айтуынша, балаларға көрсетілетін оңалту рәсімдері қазірдің өзінде өз нәтижесін беруде. Кейбір балалар жүруді үйренді, өз түймелерін өздері шешіп қайта ағыта алады, Дәрігерлер ерекше күтімді қажет ететін балаларға жылына екі-үш рет оңалтудан өтуді ұсынып отыр. Ана үшін баланың күлкісі қымбат. Рас. Біреуінің жүріп тәй-тәй басып кеткені, екіншісінің жүре бастағаны әрі бір ата-ана үшін артықбақыт жоқ шығар.
«Ақ-бұлақ» облыстық оңалту орталығы -200 төсек орынға арналған. 90-ортопедия бөлімі, 80-неврология бөлімі, 30-соматика бөлімі, 2 бағытта жұмыс атқарамыз.
1. Медициналық -физиоемдеу, массаж, тұзды камера.
2. Педагогикалық – психолог, логопед, эрготерапевт, монтессори, деффектолог, музыкатерапевт.
Семинар барысында реабилитация негіздері, балалар церебральды сал ауруы және инсульт түрлері, параллельді-спиральді қимыл қозғалыстар, логопедиялық массаж әдістері, қимыл-қозғалыс биомеханикасы, дұрыс емес стеоротиптер, ми және оның құрылысы, тірек-қимыл жүйесі, ПНФ терапиясы, терапия түрлері, қосымша және балама коммуникация негіздері, артикуляциялық жаттығуларды практика-теория жүзінде үйреніп, тәжірбие алмасты.
Жалпы 7,54 гектар жерді алып жатқан медициналық нысан 200 балаға қызмет көрсетуге шақталған аталмыш орталықта қызықты да құнды ақпаратқа толы семинар сондай –ақ ой рухани бейнероликтер көрсетіліп, әртүрлі сұрақтармен қорытындыланды.

Previous Post

КЕЛЕС: АУЫЛ МҰҒАЛІМНІҢ 4000-ҒА ЖУЫҚ ШӘКІРТІ ХИМИЯДАН ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНҒАН

Next Post

ӨЗБЕКСТАН АСТАНАСЫНДА «КИЕЛІ ТҮРКІСТАННАН – ТАРИХИ ТАШКЕНТКЕ» ӘДЕБИ-МӘДЕНИ ШАРАСЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі