Дұрыс құрастырылған күн тәртібі – мектеп жасындағы баланың тамаша әл-ауқатының, жақсы көңіл-күйінің және оқу үлгерімінің кепілі. Егер бала ұйқысын қандырып, уақытылы және дұрыс тамақтанса, оқудан шаршамай, демалуға уақыт бөлсе, баланың күн тәртібі дұрыс құрастырылған деп айта аламыз.
Біз сіздің назарыңызға балаңыз барлық жұмысын тындырып, өзін жақсы сезінетіндей күнделікті жұмысын жоспарлауға көмектесетін практикалық кеңестерді ұсынамыз.Салауатты өмір салтының негізгі бір бағыты – күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру болып табылады.
Мектеп жылдары-адам өмірінің маңызды кезеңі. Бұл бүкіл ағзаның қарқынды өсуі мен дамуы, жоғары жүйке қызметі мен мінез-құлық белгілерінің қалыптасуы кезеңі.
Дұрыс күн тәртібі -бұл әркімнің өмірінің негізі, денсаулықты сақтаудың басты шарты, ол дененің жұмыс істеуінің биологиялық ырғағына негізделген, атқаратын рөлі жоғары. Ұйқы, тамақтану, жұмыс істеу, демалуды дұрыс ұйымдастыру және қолайлы үйлестірудің нәтижесінде тәулік бойы тиімді өмір өнімділігі қамтамасыз етіледі.Оқушының денсаулығы мен дұрыс дамуын нығайту үшін күн тәртібін қатаң сақтау қажет.
Оқушының күн тәртібінің негізгі элементтері:
— мектепте және үйде оқу сабақтары;
— таза ауада барынша көп бола отыра белсенді демалу;
— тұрақты және жеткілікті тамақтану;
— физиологиялық толық ұйқы;
— жеке таңдауы бойынша еркін жұмыс істеу.
Оқушының күн тәртібін құрастыру бойынша ұсыныстар.
Күнді таңертеңгі жаттығудан бастаңыз, бұл ұйқыдан оянуды жеңілдетеді және ағзаның жұмысқа белсенді қосылуға мүмкіндік береді. Оның ұзақтығы адамның жасына байланысты-10-нан 30 минутқа дейін.
Таңертеңгі жаттығудан кейін су процедураларын жасаңыз – таңертеңгі жуыну, душқа күнделікті түсу.
Таңғы ас ішуді ұмытпаңыз, таңғы ас ыстық және өте құнарлы болуы керек, бұл баланың күнделікті қажеттілігінің төрттен бірін құрайды.
Мектептен оралған соң сіз түскі ас ішіп, міндетті түрде демалуыңыз керек. Түстен кейінгі демалыс-1-1, 5 сағатты құрайды.
Сабақты дайындаудың оңтайлы уақыты-ақпаратты жақсы игерудің физиологиялық ырғағына сәйкес келетін 16-дан 18 сағатқа дейінгі кезең. Үй тапсырмасын жеңіл пәндерден бастап, күрделіге көшу ұсынылады. Жұмыс кезеңінің максималды ұзақтығы-30-40 минут, содан кейін 15 минуттық үзілістер жасалуы керек.
Сабаққа тыныштықта дайындалыңыз, шу, сөйлесу, музыка кедергі болмауы керек. Шу адамды тез шаршатып, миға қосымша жүктеме түседі.
1,5-2 сағаттық бос уақытты қызығушылықтарыңызға арнаңыз. Телебағдарламаларды қараудың оңтайлы ұзақтығы-аптасына 2-3 рет 1,5 сағаттан аспайды.
Көп уақыт таза ауада болыңыз. Жақсы сауықтыру әсерін беретін ашық ауадағы ойындар ең тиімді деп саналады, ал жүзу, шаңғы спорты, велоспорт, волейбол, баскетбол, футбол, би және т.б. қалаулары мен қабілеттеріне байланысты. Кешке ұйықтар алдында сыртта серуендеу өте маңызды.
Кем дегенде 8-9 сағат ұйықтаңыз. Әрқашан бір уақытта жатып, тұру маңызды, сол кезде бірден ұйықтап, жеңіл оянасыз.
Ұйықтар алдында міндетті түрде жуынып, тістеріңізді тазалап, аяқтарыңызды жуып, бөлмені жақсы желдетіңіз.
Егер сіз екінші ауысымда оқысаңыз, кешке сабақ қарамаңыз, үй тапсырмасын таңғы ас ішкеннен 30 минуттан кейін орындау керек.
Емтиханға дайындық кезінде күн режимін өзгертпеңіз. Кешке дейін жаттығу жасамаңыз. Емтиханға дайындықты таңертең және күндіз жасаған дұрыс.
Біздің ұсыныстарымызды орындаңыз және балаларыңыз сау болсын.
Өз уақытын тиімді пайдаланып, әр ісін жоспарлай білетін адам үлкен жетістіктерге жететіні хақ.
Бірақ ісін күнделікті қадағалап, уақытын орынды пайдалану кез-келген адамның қолынан келмейді. Ол үшін адамға үлкен шыдамдылық, мықты ерік-жігер қажет.
Балаңыз болашақта өзбетімен шешім қабылдауға қабілетті, биік белестерді бағындыра алатын тұлға болып қалыптассын десеңіз, қазірден бастап күн тәртібін жоспарлауға үйретіңіз.
Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі балаңыздың бойына жоғарыдағы қасиеттерді сіңіріп қана қоймайды, сонымен бірге физиологиялық тұрғыдан да дұрыс қалыптасуына оң әсер береді.
Күн тәртібін дұрыс қолдану дағдылықты, жүктемені дұрыс бөлуге, бос уақытты дұрыс пайдалануға әкеледі. Дұрыс күн тәртібі жүйке жүйесін күйзелуден, шаршаудан, тұйыққа тірелуден сақтайды.
Дұрыс қарастырылған күн тәртібі тек ағзаны жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар еркіндікке тәрбиелейді, өмірлік тонусты, жұмысқа қабілеттілігінді арттырады.
Күн тәртібін құрастыру келесі кезендерден тұрады:
А) дұрыс ұйықтау мен демалуды қалыптастыру.
Б) қысқа уақытты таңғы жаттығу және сумен шынықтыру.
В) қалыпты тағамды қабылдау.
Г) күнделікті серуен.
Д) физикалық жаттығуларға, жүгіруге, шынығу жаттығуларына арнайы уақыт бөлу.
Е) демалыс және жұмыс күндерді тиімді тынығуды ұйымдастыру.
Егер біз күн тәртібі өте пайдалы болуы қажет десек, онда оны күнделікті орындауға, өмір салтына дағдыға айналдыруымыз керек.