Түлкібас ауданы, Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2022-2023 оқу жылындағы мектеп директорының бастамасымен өткізілген «Талапты ұстаз, талантты шәкірт» жобасының жалғасы ретінде «Зейінді бала» зияткерлік сайысы өткізілді.
Сайыс мақсаты — оқушыларды сыныптан тыс уақытын тиімді пайдалануға үйрету, жан-жақты мәліметтерге қызықтыра отырып, көпшілік ортада өз ойын еркін әрі нақты жеткізуге дағдыландыру, сонымен қатар ойы жүйрік, ұшқыр, шапшаң, табанды оқушыларды анықтау.
4-кезеңнен тұратын «Зейінді бала» зияткерлік сайысы 5-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып, 110 оқушыны қамтыды.
Сонымен қатар, бұл жобаның өзіне тән ережелері мен кезеңдері сайыс барысында таныстырылып, қатысушы оқушылар арасынан өзінің шапшандығымен, ерекше білімімен белсенділік танытқан 20 оқушы мектеп директорының арнайы марапатына ие болды.
Алдағы уақытта «Зейінді бала» зияткерлік сайысы осы мектептің 6-9 сынып оқушылары арасында және аудан мектептері арасында ұйымдастырылып өткізілу жоспарлануда.
Еске салсақ, Қазақстанның экологиялық қоры ұйытқы болған «Green challenge» ағаш отырғызу республикалық шарасына Түркістан облыстық білім басқармасының өкілдері де ерекше қолдау білдіріп, белсенділік танытты. Бұл акция шеңберінде басқарма ұжымы тал егіп, өңірді жасыл-желекке айналдыруға өз үлестерін қосты.Айта кетейік, ағымдағы жылдың 10-25 қазан күндері өткізілген іс-шаралар ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігі тарапынан қабылданған іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілді. Атап айтсақ,”Жасыл челлендж” экошарасын іске асыру аясында облыс ұстаздары мен оқушыларының, колледж студенттерінің қатысуымен «Отаным – Жүрегімде» әлеуметтік желілердегі Отан, Жер ана, Туған жер тақырыптарында мәнерлеп оқу байқауы өтті.Бұдан бөлек, «Атамекен» тақырыбындағы патриоттық диктант жазу сайысы, оқушылар, студенттер және жастар ұйымдарының өкілдері арасында «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбындағы эссе жазу байқауы, «Қыран елім – Қазақстан» атты оқырмандар конкурсы жарияланды. «Патриотизм дауысы» мемлекеттік әнұран барлық білім беру ұйымдарында жаппай орындалды. Оқушылар мен колледж студенттері арасында «Ұлттың ұлы ұстаздары», колледж студенттерінің қатысуымен «Туған елімнің мен патриотымын» облыстық шығармашылық байқаулары болып өтті. Және де «Текті сөздің төресі» тақырыбында арнау айту байқауы мен «Тарих беттері» тақырыбында фотокөрме, «Республика Күні» ұлттық мерекесі тақырыбында видеороликтер байқауы жүргізілді. «Тәуелсіз елдің ұландары» тақырыбында флешмоб, «TuranBalafest» үздік өнерпаздар телешоуы мен «Күлтегін» зияткерлік ойыны телебағдарламасының Республика күніне арналған арнайы мерекелік шығарылымы жоспарға сәйкес аталып өтті.