13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҰСТАЗ ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕ ӘДІСІН ҚОЛДАНАДЫ

14 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДЫҚ ҰСТАЗ ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕ ӘДІСІН ҚОЛДАНАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданындағы №4 Ж.Баласағұн атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі химияны кестелеп оқыту әдісімен сабақ береді. Ауыл ұстазы Нұрболат Бекқұлов – химия пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші.
– Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында химия пәнін кесте түрінде ықшамдап жасап шықтық. Бұл пәнді оқытудағы қиын тақырыптарды оқушылардың меңгеруіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шәкірттердің пәнге қызығушылығын, ізденімпаздығын арттырып, қабілеттерін жетілдіре түседі. Әрі кесте арқылы оқыту — уақытты үнемдеу және оқушыларды үнемі жаттықтыру арқылы жаңа тақырыпты тез игеруге жол ашады. Әдістемелік көмекші құралда тақырыптарды кестелермен бір жүйеге келтірудегі мақсат – оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру, – дейді химия пәнінің мұғалімі.
Оқушылары облыстық олимпиадаларда топ жарып жүрген ұстаз 10 жылдан аса уақыттан бері білім саласында еңбек етеді. Ол қолданатын оқу әдісінде «Химия пәнін кесте түрінде оқыту» атты әдістемелік құралда әр тақырып бір кестеге ықшамдалып берілген. Жалпы 77 кестені қамтитын оқу құралы 2 бөлімнен тұрады. Білікті ұстаз қазіргі таңда химиядан жаттығулар мен есептер жиынтығын құрастыруда. Онда түрлі деңгейдегі 150 тапсырма қамту жоспарланған. Алдағы уақытта бұл жинақ химияға қызығушылық танытқан жастарға көмекші құрал ретінде қолданылмақ.
Елбасының мұғалімдердің құқықтық мәртебесін арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы Президент Қасым – Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында да қозғалды. Мемлекет басшысы ұстаздардың мәртебесін арттырумен бірге білім сапасын жақсарту, отбасы және бала институтын қолдауды да тапсырды. Жаңарған, өркениетке қадам басқан Қазақстанның жас ұрпақтарын тәрбиелеуде, білім сапасы жаңа сипатқа көшіп жатқанда мұғалімдерге, мектепке қойылатын талапта жоғары болатыны белгілі.Дамыған елдер қатарына кіру білім саласына жүктелетін үлкен жауапкершілік. Сондықтан да білім мәртебесін арттыра отырып, ұстаздардың беделін арттыру – біздің қоғамдағы кезек күттірмес бірінші мәселе.

Previous Post

КЕЛЕСТЕ АПТАНЫҢ БІР КҮНІН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРҒА АРНАҒАН БАЛАБАҚША ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ «КІТАП-AMANAT» КІТАП ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі