Білімнің қайнар көзі — кітап. Түркістан облысындағы арнайы ғимараттардың қатарын көбейту, кітап қорымен толықтыру шаралары қарқын алған.
Түркістан өңірі бойынша 396 кітапхана жұмыс істейді. 2023 жылдың І жарты жылдығында облысқа қарасты кітапханалардың жалпы қоры 6085696-ға жетті. Облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының жалпы кітап қоры 345 мыңнан асады.
Енді Бәйдібек ауданында екі орталық кітапхана бар. Бұған дейін аудандағы 25 кітапхананың жалпы кітап қоры 200 мыңнан асса, бүгін Шаян ауылында жаңадан ашылған бір ғана оқу нысаны 100 мың кітап жинауға қауқарлы.
Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлы кітапхананың ашылуына арнайы қатысты. Жаңа мәдениет ошағына туындыларды тарту етіп, тұрғындар мен кітапсүйер қауымды құттықтады. Екі қабатты ғимаратта оқырмандармен кездесулер, пікірталастар өткізуге мүмкіндіктер жасалды.
Соңғы 3 жыл көлемінде жаңадан ашылған 5 кітапхананың үшеуі Келес ауданында болса, екеуі Сайрам аумағында орналасқан.
Облыс басшысы жұмыс сапары барысында Шаян елді мекеніндегі мектептің құрылыс алаңына барды. 300 орындық «Зейін school» жекеменшік мектебіне республикалық бюджеттен 300 млн. теңге қаралған. Қыркүйек айында ауыл тұрғындарының игілігіне пайдалануға берілуі жоспарланып отыр.
«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында аталған ауылда 300 орындық мектептің құрылысы басталуға жақын. Білім ошағын 2024 жылы қолданысқа беру көзделуде. Ауданда 50 мектеп бар. Бірқатар білім ұясын күрделі жөндеуден өткізу үшін тиісті қаражат бөлінген.
Жаңа оқу жылына дайындықтың негізі — білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамту. Осы орайдаТүркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы тарапынан орта білім беру мекемелерін оқулықпен қамту мақсатында 13 баспамен келісім шарт жасалған. Нәтижесінде аудан, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімдерінің сұранысы негізінде 1 191 526 оқулыққа өтініш берілді. Жалпы 2023-2024 оқу жылына 213 915 оқулық жаңартылмақ. Оның ішінде 1-2-сыныптарға арналған «Цифрлық сауаттылық» пәнінен электронды оқулықтар мен Оқу-әдістемелік кешендері және «Бейнелеу өнері» пәні бойынша мұғалімге арналған электронды форматтағы әдістемелік нұсқаулықтар бар. Сондай-ақ, 1-2-сыныптарға арналған «Еңбекке баулу» пәні бойынша мұғалімге арналған электронды форматтағы әдістемелік нұсқаулықтар мен 2-сыныпқа арналған «Орыс тілі» оқулықтары мен Оқу-әдістемелік кешендері жаңарады. Айта кетсек, 2023-2024 оқу жылында оқушылар оқулықпен 100% қамтамасыз етіледі.Білімнің қайнар көзі — кітап. Түркістан облысындағы арнайы ғимараттардың қатарын көбейту, кітап қорымен толықтыру шаралары қарқын алған.
Түркістан өңірі бойынша 396 кітапхана жұмыс істейді. 2023 жылдың І жарты жылдығында облысқа қарасты кітапханалардың жалпы қоры 6085696-ға жетті. Облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының жалпы кітап қоры 345 мыңнан асады.