13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: 907 мемлекеттік мектепке мониторинг жүргізілген

13 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: 907 мемлекеттік мектепке мониторинг жүргізілген
Share on FacebookShare on Twitter

14 мектепте жүріп жатқан күрделі жұмыстарына баса назар аударған. Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылына дайындық деңгейіне 907 мемлекеттік мектепке мониторинг жүргізілген. Бұл туралы бүгінгі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жанар Қасымова баяндады. Спикердің айтуынша Оқу ағарту министрлігі барлық аймақтарда кешенді мониторинг жұмыстарын бастаған. Министрдің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 8 мектепті анықтап, сонымен қатар мониторинг барысында 14 мектепте жүріп жатқан күрделі жұмыстарына баса назар аударған. «Бүгінде жөндеуден өтіп жатқан мектептердің 35%-ы 1970 жылдары салынса, 35%-ы 1980-1989 жылдары салынған, ал 30%-ы тіпті 2005 жылдан кейін пайдалануға берілген. Қазіргі таңда облыста мектеп ғимараты толық жөндеуден өтіп жатқан бес мектеп, ал шатыры, ішкі мен сыртқы қабырғалары, терезе, есік, едендері жөнделіп жатқан жеті мектеп, электр жүйесі, демонтаж, ішкі су, кәріз жүйесі, терезе, шатыры жөндеуден өтіп жатқан бір мектеп, күрделі жөндеуге конкурс жарияланып, жөндеу жұмыстары басталмаған бір мектеп бар. Жоспар бойынша 2023-2024 оқу жылына 14 мектептің 9-ы тамыз айының соңына дейін тапсырылса, бес мектептің күрделі жөндеу жұмыстары кешіктіріледі деп күтілуде, демек бес мектеп оқушыларды қабылдауға дайын емес. Атап айтқанда Төлеби ауданындағы «Қаратөбе» жалпы орта мектебі мен «Қостөбе» ШЖЖОМ. Одан бөлек, Түлкібас ауданындағы А.Оразбаева, Ордабасы ауданындағы Е.Ерназаров, Кентау қаласындағы №24 Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектептері. Осы ретте жөндеу жұмыстары кешіктірілген мектептердің оқушылары көрші мектептерге тасымалданады деп жоспарлануда», — дейді Жанар Сатыбалдықызы. Сонымен қатар, күрделі жөндеу жұмыстарынан бөлек, жаңа 2023-2024 оқу жылына тағы мемлекеттік лицензиясыз білім беру қызметін жүргізіп жатқан үш мектеп оқушыларды қабылдауға дайын емес. Атап айтқанда, Сарыағаш ауданындағы №78 жалпы орта мектебі, Қазығұрт ауданындағы №1 жалпы орта мектебі, Төлеби ауданындағы Лашкар Тәжібаев атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебі 5-9 сынып оқушыларын қабылдай алмайды. Бұл мектептердің білім беру қызметімен айналысуға лицензиялары мен лицензияға қосымшалары берілмеген.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Өңірлік ғылымға қолдау көрсетіледі

Next Post

Түлкібаста «Мен таңдаған мамандық» атты ашық сабақ оқушыларға жақсы әсер қалдырды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі