13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ 149 МЫҢ БАЛА БАЛАБАҚШАДА ТӘРБИЕЛЕНУДЕ

12 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ 149 МЫҢ БАЛА БАЛАБАҚШАДА ТӘРБИЕЛЕНУДЕ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысындағы 1364 балабақшаның жалпы 149 мыңға жуық тәрбиеленушісі бар. Оның 264-мемлекеттік, 52-шағын орталық, 1062-жекеменшік балабақша.
«Білімді ұлт» ұлттық жобасында 2-6 жастағы балаларды балабақшамен қамтуды 100 пайызға жеткізу міндеті тұр. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Республикалық тамыщ кеңесінің пленарлық мәжілісінде мәлімдеді.
Соңғы үш жылда балабақша кезегінде тұрғандар балаларды қамтуға қаржы бөлінбеген. Биыл орын тапшылықты жою мақсатында жаңадан 8,5 мың орын бөлініп отыр.
“Алайда, балабақшаларда қаржы жымқыру, мемлекет қаржысын заңсыз иелену, мақсатсыз пайдалану, талан-таражға салу фактілері кездесуде.Біз бұл бағытта мониторинг және тазалау жұмыстарын тоқтатпаймыз.Заң бәріне ортақ. Заңсыздықтарға жол берген, осы саланың берекесін алып, балаға бөлінген қаржыға қол салғандар заң алдында жауап береді.
Біз тек мемлекеттің қаржатын ғана жоғалтып отырған жоқпыз. Осы бөлінген орынға баруға тиісті баланың санасын, тәрбиесін жоғалтып, ұрпақ алдында ұятты болып отырмыз. Балалар үшін бөлінген мемлекеттің әрбір қаржысының сұрауы бар. Мемлекеттік ғана емес жекеменшік балабақшаларға да сапаға өтетін кез келді. Біз оны талап етеміз!” , — деді Дархан Амангелдіұлы
Балабақшаларға қатысты тағы бір жаңалық жыл соңына дейін мемлекеттік балабақшалардың жөндеу жұмыстарына, оларды жаңа жиһаздар және ойын алаңшаларымен қамту үшін облыстық бюджеттен 3,5 млрд. теңге бағытталды.
Білім саласына қатысты мәселелер облыс әкімінің жігі бақылауында. Өңір басшысы облыстағы жалпы білім беру мекемелерінің қауіпсіздігі мен жылу маусымына дайындығын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ күрделі жөндеу жұмыстарынының уақытылы аяқталуын жіті қадағалауды жүктеді. Білім беру ошақтарының жаңа оқу жылына толық дайын болуын, барлық балабақша, мектепке автобус тасымалдауы жайында тапсырмалар берді.

Облыстағы мемлекеттік 1 мың білім беру мекемелері 100% дабыл батырмаларымен қамтылып, полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. Кәсіби күзет қызметімен қамтамасыз етілуі тиіс білім беру ұйымдары күзет фирмаларымен келісім-шартқа тұруда. Қажеттікке байланысты беру ұйымдарының қоршауы жаңартылуда. Ішкі әжетханасын ретке келтіруі тиіс 89 мектепте кәріз жүйесін ретке келтіруі жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: АЛДАҒЫ 2 ЖЫЛДА 96 МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРЕДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 38%-Ы БАЛАЛАР МЕН КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі