13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Алтын күз» атты туристік жарысы өтті

10 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
«Алтын күз» атты туристік жарысы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының Жетісай ауданының білім бөлімінің жәнеде «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КММ-нің жылдық жоспарына сәйкес Асықата кенті, Ш.Ділдәбеков ауылдық округі, Ж.Ералиев ауылдық округі және Абай ауылдық округ мектеп оқушылары арасында Туристік көпсайыстан «Алтын күз» атты туристік жарысы өткізілді.
Жарыстың мақсаты: аудан мектептері арасында туристік-өлкетану жұмыстарын жандандыру және оқушылардың өлке жайлы мағлұматын кеңейту, балалардың туристік дағдыларын қалыптастыру, өз туған жерінің туристік әлеуетін таныта білетін тұлға қалыптастыру.
Жарысқа қатысушы топтар төмендегі шарттар негізінде өзара бақ сынасты:
1. «Топтық жарыс» сайысы
2. «Табиғи материалдардан жасалған заттар» сайысы.
3. «Табиғаттың таңғажайып шағы бұл» шарты. 4.«Жергілікті жерді бағдарлау» сайысы
5. «Туристік ән» сайысы.
6. «Туристік тұрмыс» сайысы.
Жарыстың қорытындысы бойынша:
1. «Топтық жарыс» сайысы бойынша І орынды –№10 Қайнар МГ , ІІ орынды- Туризм тарланс, ІІІ орынды – №11Жеңіс МГ туристік топтары иеленді.
2. «Табиғи материалдардан жасалған заттар» сайысы бойынша І орынды – №54 Есенберлин ЖББМ, ІІ орынды — №13 Н.Төреқұлов ЖББМ, ІІІ орынды — Сарыарқа туристік топтары иеленді.
3. «Табиғаттың таңғажайып шағы бұл» сайысы бойынша І- орынды- №13 Н.Төреқұлов ЖББМ, ІІ орынды — №54 І.Есенберлин ЖББМ, ІІІ орынды — №46 Ә.Қастеев ЖББМ туристік топтары иеленді.
4. «Жергілікті жерді бағдарлау» сайысы бойынша І орынды – №54 І.Есенберлин ЖББМ, ІІ орынды — №55 Жеңістің 50жылдығы ЖББМ, ІІІ орынды -№49 Сырдария ЖББМ туристік топтары иеленді. 5.«Туристік ән» сайысы бойынша І орынды –№49 Сырдария ЖББМ , ІІ орынды — №55 Жеңістің 50жылдығы ЖББМ , ІІІ орынды — Сарыарқа туристік топтары иеленді
6. «Туристік тұрмыс» сайысы бойынша І орынды — №10 Қайнар МГ, ІІ орынды — №54 І.Есенберлин, ІІІ орынды — Сырдария туристік топтары иеленді.
Жарыстың жалпы қорытындысы бойынша І орынды – №10 Қайнар МГ, ІІ орынды -№54 І.Есенберлин ,
ІІІ орынды — №55 Жеңістің 50жылдығы ЖББМ туристік топтары иеленіп қалған қатысушы туристік топтарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Жарыс қызықты әрі бәсекелестік жағдайында жоғары көңіл күйде өткізілді. Табиғаттың алтынданған тамаша сәті, жарқыраған жайдары ауа-райы балаларымыздың көңіл күйін көтеріп, табиғат аясында қайталанбас сәтті бастан кешуіне ықпал етті.

Previous Post

Тұлғалық ұстаным қалыптастыру тұлға болуға қадам

Next Post

Шымкентте кәсіпкер қыз-келіншектер кездесуі өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі