13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында бастауыш сынып оқушыларына мектепте оқуға рұқсат етілді

27 ноября, 2020
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында бастауыш сынып оқушыларына мектепте оқуға рұқсат етілді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып оқушыларына кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілді. Тиісті қаулыға өңірдің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов  қол қойды. Ата-аналардың өтінішімен дәстүрлі форматта оқитын сыныптағы оқушылар саны 15-тен аспауы шарт. Әр партаға бір баладан шахматты режимде отырғызылады. Сабақ уақыты 40 минуттан аспайды.

Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің талабына сәйкес, мектеп қабырғасында білім алушылар  арасында коронавирустық  инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында дәстүрлі форматта сабақ оқытылатын кезекші сыныптарда және шағын жинақталған мектептерде санитариялық-гигиеналық талаптары қатаң сақталуы қажет. Оқу кабинеттерінде антисептігімен санитайзерлер орнатылуы қатаң қадағаланған.

Оқушылар мен мұғалімдердің дене температурасы күн сайын өлшеніп, арнайы журналға тіркеледі. Бетперделер әр 2 сағат сайын ауыстырып, қолданылған  лас маскаларды арнайы белгі қойылған қораптарға тастау талап етіледі. Адамдар арасында  1,5 метрден аса қашықтықты сақтау маңызды. Сол себепті мектепте арақашықтықты сақтауға арналған белгілер сызылып, бір бағытты қозғалыс ұйымдастырылған.

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістандықтар «Айбын-2020» әскери-патриоттық жиынында жүлделі орыннан көрінді

Next Post

Ардагердің ғасырлық мерейтойы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі