13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мақалдың оқушыларға берер тәлімі мол

10 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Мақалдың оқушыларға берер тәлімі мол
Share on FacebookShare on Twitter

Бастауыш сынып оқушылары үшін мақал — мәтелдің тәрбиелік мәні өте зор. Оқушылар сабақта мақал – мәтелдің мағынасына қарай отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа, ата — ананы, достарын қадірлеуді, жаманнан жиреніп, жақсыны үйренуге тәрбиеленеді. Сабақта мақал — мәтел шапшаңдыққа, алғырлыққа, ой — өрісін дамытуға көмектеседі.

Мақал – мәтелдер ғасырлар шежіресі. Мақал-мәтелдер ой дәлелдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан құбылыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады. Мақал-мәтел жас жеткіншектерді сөз қадірін білуге, мейірімді, кеңпейіл, сезімтал болуға, жақсы мен жаманды, қастық пен достықты ажырата білуге баулиды. «Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын» дегендей, мақал-мәтелдің өн бойынан поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас, ырғақты кездестіреміз. Онда басы артық бір сөз болмайды. Барлығы өз орнында.

Отырар ауданы Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте «Балдырған» бастауыш сыныптар бірлестігінің «Білім шыңының баспалдағы — бастауыш» тақырыбындағы айлық шараның жоспарына сай бастауыш сынып мұғалімі Сапарбай Фарида мен Оразалиева Майраның ұйымдастыруымен «Мақал – сөздің мәйегі» тақырыбында 3-4 сынып оқушыларымен сайыс өтті. Сайыстың мақсаты: Халық ауыз әдебиетін пайдаланып, оны орынды қолдана білуге, шаршы топ алдына сөз жүйесін таба білуге үйрету. Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, ойлау қабілеттерін дамыту. Халық ауыз әдебиетін құрметтеп, оны дамытуға, тіл мәдениетіне, достық қарым — қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз ұлтын сүюге, халық мәдениетін жалғастыруға тәрбиелеу. Мақал-мәтел сайысына «Бәйтерек», «Бәйге», «Алғырлар» топтары бес кезең бойынша өздерінің тапқырлықтарын, шапшаңдықтарын көрсетіп, белсенділік танытты. Сайыс соңында жеңімпаз топтар марапатталды.

Мақал-мәтелдерді күнделікті өмірде пайдалана отырып, тиімді қолдана білудің маңызы зор. Сабақ барысында мақал-мәтелдерді кеңінен пайдалансақ, оның тәрбиелік мүмкіндігі, сонымен қатар сабақтың ұтымды өтуіне мол ықпалы бар екендігіне көз жеткізуге болады. Сондықтан да оқушылар алған білімдерін өз қажеттілігіне ғана пайдаланып қоймай, сонымен қатар өзгелермен де бөліссе ұтымды амал болып табылар еді.

Previous Post

Ғасырдың ғажап 5 ғылымы

Next Post

Қазығұрт ауданында тәрбиешілер білім сайына түсіп шеберліктерін арттырды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі