13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» айлығы басталды

10 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
«Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» айлығы басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту түжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға , өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру » — деп айтқан. Бүгінгі таңда еліміздің білім жүйесінде оқыту процесін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Орта білім берудің басты мақсаты- әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық- саяси өмірге белсенді араласуға дайын, құзіретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету болып отыр. Осы мақсатқа жету үшін педагог ең алдымен білім мазмұнының даму тенденцияларымен оқу процесін ұйымдастыруда қолданылатын білім берудің жаңа технологияларын білу керек.

Осы орайда Отырар ауданындағы С.Әшіров жалпы орта мектебінде «Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» атты айлық негізінде сәйкес геометрия пәні бойынша Ерқұлов Бауыржан 8 «Ә»сыныбына»Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының тригонометриялық функциялары. Пифагор теоремасы»тақырыбында табиғат аясында геометрия аланыңда сабақтан тыс іс шара өткізілді. Сабақ барысында оқушылар фигураларды ажыратып өзіңе тән қасиеттерін айтып көрсетті.

Геометрия – математиканың геометриялық фигуралардың қасиеттерін зерттеумен айналысатын бөлімі, ол латын тілінен аударғанда «сыртқы көрініс», «бейне» деген мағынаны білдіреді. Ол математикалық анализге, механикаға, физикаға, астрономияға, геодезияға, картографияға, кристаллографияға, тағыда басқа ғылымдарға елеулі ықпал етеді. Сонымен қатар, фигураларды кескіндеуге, модельдеуге және құрастыруға, негізгі геометриялық шамаларды (ұзындықтар, бұрыштар, аудандар, көлемдер) өлшеуге қажетті практикалық дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.

Отырар қаласында дүниеге келген аса білгір, данышпан ғалым Әл-Фарабидің өз кезінде ғылым мен мәдениетті дамытуға, оның ішінде геометрияны дамытып, оның қолданылу аясын кеңітуге қосқан үлесі ерекше болды. Ғұламаның ізі қалған ұрпақтары ретінде оқушылар сабақ барысында белсене қатысып алғырлықтарын танытты.

Previous Post

Токиоға 100-ге жуық педагог барады

Next Post

Ғасырдың ғажап 5 ғылымы

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі