13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Соттар әкімшісінің басшысы аудандық соттарды аралады

27 ноября, 2020
in Жаңалықтар
0
Соттар әкімшісінің басшысы аудандық соттарды аралады
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Жеңіс Мақұлбаев Түркістан облысының мамандандырылған, Түркістан және Кентау қалалық соттарында болып, ғимараттардың материалдық-техникалық жай-күйімен танысып, ұжым мүшелерімен кездесті.

Аралау барысында Жеңіс Тіллабайұлы соттардағы инфрақұрылым, азаматтар үшін жасалған жағдай, сот залдарының жабдықталу мәселелеріне жіті назар аударып, фронт-офистер мен медиация кабинеттерінің жұмысымен танысты. Сонымен қатар, Соттар әкімшісінің басшысы соттардағы ақпараттық технологияларды енгізу, коммуникация, цифрландыру мәселелеріне көңіл бөліп, эпидемиологиялық жағдайдағы сот процестерін қашықтықтан өткізуде туындайтын проблемаларға назар аударды.

Сонымен қатар, Ж.Мақұлбаев аталған соттардың ұжымдарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.

«Еліміздің сот билігінің басты мақсаты – еліміздің заңдарына сай әділ шешімдер қабылдау болғандықтан, азаматтардың, жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қорғауда шешуші рөлге ие. Сондықтан соңғы жылдары Республикадағы сот органдарының құрылымдарын жетілдіруге, оның мәртебесін көтеріп, тәуелсіздігінің әлеуметтік кепілдігін күшейтуге, соттарды материалдық-техникалық жабдықтауды жақсартуға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылып келеді», — деді ол жиын барысында.

Одан бөлек, Жеңіс Тіллабайұлы алдағы уақытта азаматтардың сотқа еркін жүгінуін, соттардың ашықтығы мен жариялығын қамтамасыз ету, сот практикасына озық ақпараттық технологияларды енгізу бағытында тұрақты жұмыстар жүргізілетінін, яғни, «азаматтарға қолайлы жағдай жасау», «азаматтармен кері байланыс», «соттардың инфрақұрылымдық дамуы», «цифрландыру» және «коммуникация» секілді салалар басты назарда болатынын жеткізді.

Кездесуде сот қызметкерлері көкейде жүрген сұрақтарын қойып, кейбір сұрақтарына толыққанды жауаптарын алса, бірқатар сұрақтарға зерделенуі қажет тұстары болғандықтан қосымша жауап берілетін болды.

Жиынды қорытындылай келе, Соттар әкімшісінің басшысы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің ережелерін, атқарушылық және еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтау, ұжымдағы ауызбіршілікті бағалау мәселелеріне тоқталып,  сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытында атқарылуы тиіс жұмыстарды нақтылады.

 

 

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістан: Кентауда ауыл шаруашылығының өнім көлемі 64 млрд.  теңгеге жеткен

Next Post

Руководитель Администратора судов посетил районные суды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі