Ордабасы ауданында да білімді, ғылыммен айналысып жүрген оқушылар қатары артып келеді. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Райхан Есімханованың айтуынша, жас ғалымдардың жобаларына аудандық білім бөлімі тарапынан да қолдау көрсетілуде. Олардың жасаған ғылыми жобалары облыстық, республикалық байқаулардан жүлделі орындарды иеленіп жүр.
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында білім саласымен қатар ғылымға ерекше көңіл бөліп келеді. Әсіресе Президент жас ғалымдардың жобаларын қолдап, оларға барлық мүмкіндіктер жасауды тапсырғаны кеше. Қазір ауданымызда білім саласында жетекшілерімен бірге ғылыми жобамен айналысып жүргендер көп болса, соның бірі — С.Нұрмағанбетов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Аяна Ибрагим, — дейді ол.
Оның айтуынша, Аяна Даниярқызы өз өнері мен таланты арқылы шығармашылығын шыңдап отырған жас талант. Ол жеңіл мрамор материалдарынан қош иісті балауыздар, теңіз қабыршығы, алтын-күміс әшекей бұйымдарын салуға арналған қобдишалар және тағы басқа бұйымдарын қолдан жасап жүр. Бұл заттарды күнделікті үй жабдықтарына қолдануға болады. Қазіргі таңда жас таланттың жасаған бұйымдарын тойбастар ретінде, жақын туыстарына бағалы сыйлық ретінде сыйлауға қызығушылық танытқандар қатары көбейе түскен.
Ал Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Алихан Махамбетов болса, ұстазы информатика пәнінің мұғалімі Нұрқасым Исаев екеуі бірлесіп «Компьютерлік вирустар және антивирустар» атты тақырыбта зерттеу жұмысын жүргізіп жатыр екен.
— Қазіргі уақыт ғылым заманы. Сонымен бірге элоктронды құрал-жабдықтар да көбейген. Ал компьютердің көмегіне жүгінбейтін адам жоқ. Адам сияқты оның да өз вирусы бар. Онымен ғалымдар жылдап күресіп келеді. Жалпы жыл сайын компьютерлік вирустар әлемдік экономиға 1,5 триллион доллор көлемінде қаржылық шығын әкеледі екен. Бүкіл дүние жүзінде антивирус бағдарламасын жасайтын 60-тан астам компаниялар айналысады. Олардың ішінде орыс бағдарламашыларының үлесі өте көп. Жыл сайын әмбебап және сапалы жаңа антивирустық бағдарламалар жасалуда, олар өздерінің алдындағылардың барлық жағымды қасиеттерін қамтығанына қарамастан 100 пайыз компьютерлік вирустарды жоюға қабілетсіз екендігін анықтады. Біз де шәкіртіміз екеуміз осы бағытта жұмыс істеудеміз, — дейді Нұрқасым Исаев.
Ал жас өнертапқыш Алихан Махамбетов жетекшісімен бірлесе жұмыс істеу оған қызық екенін айтуда. «Қазіргі таңда компьютерлік вирустардың кең таралуы және олардың компьютерлерді зақымдап көптеген шығын келтіруі тоқтамай тұр. Мені Қазақстанда компьютерлік вирусқа қарсы күресетін антивирустық бағдарламалардың жоқ екендігі толғандырады. Сөйтіп жетекшіммен бірлесе отырып, онымен күресу жолдарын қарастыруға күш салдық», дейді Алихан.
Зерттеу жұмысы барысында Алихан антивирустың қандай жағдайда қолданатынын, олардың түрлерін және жасалу жолдарын қарастырыпты. Ол компьютерлік вирусқа қарсы бағдарламалардың кең таралғанына қарамастан, вирустар саны тез өсуде екендігіне зерттей отырып көз жеткізді. Жас ғалым вирустардың компьютерге енген сәтте, зақымдаудың алдын алу үшін қандай сақтық шараларын қолдану керектігін анықтап ұсынды. Олар: бірінші, ақпаратты әркімнің жиі пайдалануын шектеу және оның көшірмесін сақтау. Екінші, сырттан келген мәліметтерді мұқият тексеруден өткізу. Үшінші, вирустан «емдеу аспаптарын» дайындап қою. Төртінші, белгілі бір уақыт сайын компьютерді вирусқа тексеріп отыру.
Сөйтіп жас ғалым жетекшісіме бірлесе елімізде отандық сапалы компьютерлік вирустарды толық жоятын жаңа антивирустық бағдарламасын жасауды алдына мақсат етіп қойып отыр.