Түлкібас ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері М.Кулмаганбетованың ұйымдастыруымен С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беру мектебінде «Отбасы тәрбиесіндегі құндылықтың бала психологиясына әсері» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Тәжірибелік семинар барысында С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беру мектебінің педагог-психологтары Г.Алибаева, З.Уразова, «Амангелді» негізгі орта мектебінің педагог-психологы А.Абдуллаева, Т.Титов атындағы жалпы білім беру базасының педагог-психологы М.Ажибекова өз тәжірибелерімен бөлісіп, ата-ана мен бала арасында қарым-қатынас байланысы туралы тренингтер, шебер сынып өткізді.
Семинарға қатысқан әрбір педагог-психолог білім алушыларға, ата-аналарға арналған тренинг жоспарын таңдап алған әдістер мен тренингтік жаттығуларды, оны практикада қолдану үшін тәжрибелермен бөлісті. Семинардың қорытынды бөлімінде тиімді кері байланыс жасалып, өзара пікір алмасты.
Ұлт ұрпағының болмыс-бітімін қалыптастыру, дүниетанымын жетілдіру мәселесі отбасынан бастау алады. Әрбір ұлт өкілінің өз ұрпағын өз ұлтының болмысына сай дамытып, жетілдіруі — бұл талдауға жатпайтын мәселе.
Әр адам — адамзаттың жеке-дара өкілі болғанымен, өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Себебі, біз — өзіндік мінез-құлқымызбен бет-әлпетімізбен бір-бірімізден ерекшеленетін тұлғамыз, әрқайсымыз ерекше жаратылғанбыз. Біз өзіміздің ата-тегімізбен тығыз байланыстамыз, біздің болмысымызда олардың тәндік ерекшеліктері бар.
Тұлғаның дамуы барысында отбасы мен мәдени ортаға лайықты оның дүниетанымы жетіледі. Адамдардың кейбіреулері «дүниедегінің барлығы қарама-қайшылықта болады» деседі, енді біреулері «әлемде үйлесімділік пен келісім болса, даму жоғары деңгейдегі жетістікке жетеді» деп тұжырымдайды.
Адамның сан қырлы әлемін танып-білуді, ұрпақ өмірге келмей тұрып, ана құрсағында бастау алатынын, яғни, болмысы қалыптасу үшін қам-қарекет жасау керектігін әрбір әке-шеше жете ұғынуы қажет.
Тұлғаның рухани жетілуі үшін, ең алдымен, рухани саналылықты меңгереді. Тұлғаның рухани санасы өмірдің мәнің өзінің өмірдегі орнын, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластық, ұғынысуды сезінуі абзал.
Психолог-мамандар ата-аналарға сәби дамуының бастауы мына факторлардан тұратынын ұғындырса тиімді болады.