13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік ХҚО-ларда теория бойынша тестілеу нәтижелері жойылды

17 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік ХҚО-ларда теория бойынша тестілеу нәтижелері жойылды
Share on FacebookShare on Twitter

Теориялық емтихан тапсыру үшін ЖЖЕ 3.0 жаңа жүйесі енгелі бері тексеріс ережелері күшейді. Нәтижесінде, Шымкентте, Түркістан, Ақтөбе және Алматы облыстарында емтихан тапсыру ережелерін бұзған азаматтардың емтихан нәтижелері күшін жойды. Осылайша бір айдың ішінде еліміздің мамандандырылған ХҚО-ларда 66 теориялық емтихан нәтижесі күшін жойған
Жаңа жүйенің арқасында Мемлекеттік Корпорацияның мамандары қызметалушылардың емтихан барысында жеке компьютерлерге қашықтықтан қосылуға мүмкіндік беретін микроқұлаққаптарды, HDMI сплиттерді қолданғаны туралы деректерді анықтады. Сонымен қатар, қолдануға тыйым салынған құрылғыларды киімнің жеңіне, не электронды құрылғылар орнатылған киіммен кіруге тырысқан.
Мәселен, Шымкент қаласында емтихан тапсырушы үшінші тұлғаның көмегіне жүгінген. Ол жақын орналасқан терезені қағу арқылы дұрыс жауапты білдіртіп отырған. Жүйе емтихан тапсырушының қимыл-қозғалысын, терезеге жиі назар аударатынын анықтаса, аудиожазба терезе тұстан келген дыбыстарды тіркеген. Нәтижесінде, емтихан нәтижелері есептелмей, күшін жойды.
«Жаңа жүйе биыл, 16 қазан күні Қазақстанның аумағындағы 83 емтихан сыныбына енгізілген. Осы аралықта емтиханды сәтті тапсырғаны туралы нәтижелер саны екі есеге азайған. Бұл жүргізуші куәлігін жол жүру ережелерін жақсы меңгерген азаматтардың алып жатқандығын дәлелдейтін көрсеткіш», — деп атап өтті Мемлекеттік Корпорацияның Басқарма Төрағасы орынбасары Шыңғыс Оразалимов.
Ал, емтихан нәтижелері жойылған азаматтар емтиханды қайта тапсыруға тек 3 айдан кейін ғана жазыла алады. Осы орайда, жыл басынан бері бір миллионнан астам жүргізуші куәлігі берілгенін айта кетеміз.

Tags: 13kz13kz.kz13кзЦОНШымкент
Previous Post

Түркістан облысы: Сауран ауданында облыстық деңгейде «БІЛІМ БӘЙГЕ» интеллектуалдық сайысы өтті

Next Post

«Сапалы өнім» тұжырымдамасы талқыланды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі