13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АМЕРИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ: «АШЫҚ ҮКІМЕТТІҢ БИЗНЕСКЕ ЖӘНЕ СІЗГЕ ӘКЕЛЕР ПАЙДАСЫ: АМЕРИКАЛЫҚ ПЕРСПЕКТИВА» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

9 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
АМЕРИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ: «АШЫҚ ҮКІМЕТТІҢ БИЗНЕСКЕ ЖӘНЕ СІЗГЕ ӘКЕЛЕР ПАЙДАСЫ: АМЕРИКАЛЫҚ ПЕРСПЕКТИВА» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін Экономика, басқару және құқық факультетінің ұйымдастыруымен Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының докторанты Назерке Батырбектің жаңа жобасының таныстырылы мен маңызы жөнінде конференция өтті. Жиынның басты қонағы АҚШ-тың Монтана Штатынан келген ҮЕҰ OpenSecrets ұйымының атқарушы директоры Грег Шнейдер «Ашық үкіметтің бизнеске және сізге әкелер пайдасы: америкалық перспектива» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шара п.ғ.д, профессор Серік Пралиев атындағы конференция залында өтті.
Конференцияның басты мақсаты – Демократиялық мемлекет болудағы ашықтықтың артықшылықтары мен бизнес пен азаматтарға қалай пайда әкелетіні жайында Америкалық тәжірибе мен білім бойынша пікір алмасу.
Назерке Батырбек – Қоғамдастықпен тәжірибе алмасу (Community Engagement exchange) бағдарламасы бойынша 3 ай бойы АҚШ-та тағылымдаман өткен докторант. Ол бүгінгі жиында өзінің жаңа жобасы – «Ашық үкімет» тақырыбы бойынша кеңінен ақпарат берді.
«92 елден 142 лидер жиналған ортаның тағылымдамадан өту мақсаты – әлемдегі орын алып жатқан мәселелер мен оның шешімін табу. Ал, менің мақсатым – «Ашық үкімет» жобасы арқылы ашық үкімет деген не, оның халыққа берер пайдасы қандай деген сауалдарға жауап іздеу болатын»,-деді.
Назерке Батырбек өзінің жаңа білімі мен зерттеу-тәжірибелерімен бөлісті. Америка Құрама Штаттары мен Қазақстанның ашық үкімет туралы көзқарасы мен екі елдегі даму деңгейін саралады. Вашингтон қаласында ҮЕҰ OpenSecrets ұйымының атқарушы директоры, өзінің супервайзері болған Грег Шнейдердің біліктілікті арттыру жолында тәжірибе алмасуы мен маңызды тапсырмаларын орындау процесін баяндады.
Ең бастысы, қазіргі таңда үлкен маңыздылыққа ие болған – лоббизм түсінігі туралы зерттеулерімен бөлісті. Неліктен ірі компаниялар Америкада лоббизм жасайтындығы және оның қарапайым халық үшін берер мүмкіндіктері: Мүдделерді қорғау; Заңнама; Реттеуші орта; Ресурстарға қол жеткізу; Бәсекелестік; Қоғамдық қатынастар; Экономикалық өсу сынды бағыттарын талқылады.
Келесі сөз тізгінін алған Грег Шнейдер Назерке Батырбектің жаңа жобасын қолдау үшін және білім алмасу бағдарламасы арқылы жаңаны үйренуге, өз білгенімен бөлісуге Қазақстанға арнайы келгенін жеткізді.
Грег Шнейдер басшылық жасайтын партиялық емес, тәуелсіз және коммерциялық емес OpenSecrets – АҚШ саясатындағы ақша ағындарын және олардың сайлау мен мемлекеттік саясатқа әсерін бақылайтын жетекші ұлттық зерттеу тобы. Ұйымның мақсаты – Америка саясатындағы ақша ағындарын бақылау және демократияны нығайту үшін деректер мен талдауды қамтамасыз ету. Грек Шнейдер АҚШ саяси жүйесі, ондағы ашық үкіметтің пайдасы мен оған қол жеткізу жолындағы қиындықтар мен түрлі реформалар жөнінде ақпарат берді. Ашық үкіметтің бизнес саласының дамуына қосар үлесі жөнінде пікірін жеткізді. Ашық үкімет арқылы инновациялық идеясы бар адамның өніміне қолдау көрсетуі, монополиялық бизнестерге жол бермеуі, нарықта әділ жолмен өнімдерін ұсыну сынды оң тараптарын талдады.
Конференция соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдары мен ашық үкіметке байланысты пікірлерін ортаға салды.
Previous Post

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҒЫЛЫММЕН ҰШТАСТЫРУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

Next Post

ТҮРКІСТАН: БЕЛГІЛІ ПРОФЕССОР ИСЛАМ ЖЕМЕНЕЙ ЛЕКЦИЯ ОҚЫДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі