13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте әскери басқару органдары тексеруден өтті

3 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте әскери басқару органдары тексеруден өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері 2023 оқу жылының қорытынды тексеруінен өтті. Тексеруге қаланың қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен біріктірілген басқармаларының барлық әскери қызметшілері тартылды.

Қорытынды өткізу барысында әрбір әскери қызметші негізгі әскери пәндер бойынша сынақтарды тапсыру арқылы өзінің кәсібилігін дәлелдейді. Осылайша олар өзінің теориялық және практикалық дайындық деңгейін көрсетеді.
Қорытынды тексеру жеке құрамды саптық тексеруден басталды. Бұл жауынгерлер мен әскери ұжымдардың жауынгерлік дайындығын көрсету, әскери жинақылығын, киім-кешекке ұқыптылығын, сондай-ақ саптық дайындық деңгейін тексеру мақсатында өткізілетін ерекше рәсімі болып табылады.
Жауынгерлік дайындығын тексергеннен кейін әскери қызметшілер мемлекеттік-құқықтық, жұмылдыру дайындығы, жалпыәскери жарғылар және олардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер бойынша өз білімдерін көрсетті.
Сондай-ақ олар дене шынықтыру және атыс дайындығы бойынша сынақтардан өтті, оның барысында АК-74 пен Макаров тапаншасынан практикалық оқ атуды орындады, сондай-ақ дене шынықтыру бойынша сынақ жаттығуларын тапсырды. Шымкент қаласының жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері нормативтердің орындалуына жауапкершілікпен қарап және практикалық сабақтар бойынша сынақтарды сәтті тапсыру үшін бар күш-жігерін салды.
— Қорытынды тексеру-бұл бүкіл оқу жылына емтихан. Әскери қызметші атқаратын лауазымы мен атағына қарамастан, Заңнама білімін мінсіз меңгеруі, дене бітімі жақсы болуы, қаруды дұрыс ұстай білуі және оны дұрыс атуы тиіс. Қорытынды тексеру барысында алынған бағалар бүкіл оқу процесінің сапасын көрсетеді, — деп атап өтті Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев.
Қорытынды тексеру нәтижелері жергілікті әскери басқару органдарының әрбір әскери қызметшісінің жұмылдыру дайындығы мен біліктілігін, және жүктелген міндеттерді орындауға дайындығын толық көлемде бағалауға мүмкіндік берді.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентШымкент гарнизоны
Previous Post

Шымкент: Өңдеу өнеркәсібі кеңесінің отырысы өтті

Next Post

Кәсіпкерлік палатасының курстарын тәмамдаған шымкенттіктерге сертификаттар табысталды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі